7. ЖАҚын ТуыСТАРын
ПАйғАМбАРыМыЗдың иСлАМғА
шАҚыРуы
осы мақсатта ас беруі
Али (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Абдулмұтталибұлдарын асқа шақырды.
Он шақты адам жиналды. Барлығы да алып денелі,
бір жегенде бір қойдың етін бір-ақ жейтін адамдар
болатын. Аллаһ расулы оларға бір табақ қана тамақ
әзірлетті. Олар тыңқиып тойғанша жейді. Әйтсе де
тағам ешкім түртпегендей мұрты бұзылмады. Сосын
Аллаһ елшісі кішкене шыныаяқпен сусын алдырды.
Оны барлығы қанғандарынша ішті. Сусын да бір елі
ортаймай сол күйі қалды. Сонда Аллаһ елшісі: «Ей,
Абдулмұтталибұлдары! Мен алдымен сендерге, со-
сын жалпы адамзатқа пайғамбар етіп жіберілдім. Міне
Аллаһтың ризықтарымызды қалай берекелі еткен
мұғжизаларына да куә болдыңдар. Қайсысың маған
бауыр және жолдас болу үшін серт бересіңдер?» – деп
сұрады. Ешкім үндемеді. Араларындағы жасы ең кішісі
мен болатынмын, мен орнымнан тұрдым. «Сен отыр!»
– деді де, үш рет осы сұрақты қайталады. Барлығында
да орнымнан тұрдым, алайда ол әр тұрған сайын оты-
руымды әмір етті. Ақыры, үшіншісінде қолын беріп,
сертімді қабылдады»
113
.
112
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/139
113
Ибн Кәсир, Тәфсир 3/350
95
Аллаһ пен расулына шақыру
Достарыңызбен бөлісу: |