12. иСлАМ нЕгІЗдЕРІн оРындАуғА
шАҚыРу
Пайғамбарымыздың Жәрирді иман
келтіруге және парыздарды орындауға
шақыруы
Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.) былай дейді: «Нәби
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
маған хабар жіберіп, өзіне шақырды.
Мен оған жолыққанымда, «Жәрир, Мәдинаға не үшін
келдің?» –деп сұрады. «Уа, Расулаллаһ, сенің алдыңда
мұсылман болуға келдім», – дедім мен. Ол сол сәт
иығыма шапан жауып, сахабаларына: «Сендерге бір
қауымның бетке ұстар адамы келгенде, оған құрмет
көрсетіңдер. Жәрир, сені Аллаһтан басқа тәңір жоқ
екеніне, менің Аллаһтың расулы екеніме куәлік кел-
тіруге, Аллаһқа, ақырет күніне, тағдырға, парыз намаз-
дарды оқуға, парыз болған зекетті беруге шақырамын»,
– деді.
Мен бұларды орындауға уәде бердім. Осыдан бас-
тап Аллаһ расулы (с.а.с.) мені көрген сәтте күлімсіреп
қарсы алатын болды»
120
.
Достарыңызбен бөлісу: |