Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет57/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

11. иСлАМды нАСихАТТАу 

МАҚСАТындА ӘР АйМАҚҚА 

ПАйғАМбАРыМыЗдың МұғАлІМдЕР 

ЖІбЕРуІ

Мұсғаб ибн умәйрді Мәдинаға жіберуі

Уруа  ибн  Зубәйр  (р.а.)  былай  дейді:  «Ансар-

лар  Аллаһ  расулының  сөздерін  естіп,  уағыздалған 

ақиқаттар  жүректеріне  сіңіп  иман  келтірді.  (Бұдан 

бұрын да айтылғанындай, Аллаһ расулының «Бірінші 

116


 Дарими, Сүнән 2/286 (2444)

117


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/758 (11300)


98

Сахабалар салған сара жол

Ақабада» сол алты адаммен кездесуі және олардың ке-

лесі  жылғы  қажылық  кезінде  қайтадан  жолығуға  сөз 

беріп, қауымдарына қайтуы ансарлардың иман келтіруі-

не  себеп  болған).  Сол  алты  адам  Пайғамбарымызға: 

«Бізге  бір  адам  жібер,  халықты  Аллаһтың  кітабына 

сенуге шақырсын. Бұл халықтың Құранға тезірек ден 

қоюына септігін тигізеді» деген хабар жібереді. Бір ри-

уаят бойынша, бұл хабарды жеткізгендер – Муаз ибн 

Афра мен Рафи ибн Мәлік (р.а.). 

Сонда Пайғамбарымыз Абдуддарұлдарының бауы-

ры Мұсғаб ибн Умәйрді жібереді. Мұсғаб Бәну Ғанәм 

тайпасынан Әсәд ибн Зүрараның үйіне түседі. Олармен 

сұқбат құрып, Құраннан аяттар оқиды. Нәжжарұлдары 

Әсәд  ибн  Зүрараға  қысым  көрсеткендіктен,  Мұсғаб 

ол  жерден  кетіп,  Муаздың  үйіне  барады.  Сағыд  ибн 

Муаздың  рухани  қолдауына  сүйеніп,  талмай,  тайсал-

май, халықты ұдайы иманға шақырады. Хақ тағала сол 

арқылы ансарларға тура жолды нәсіп еткен еді. Ансар-

ларда  мұсылмандықты  қабылдамаған  бірен-саран  от-

басыны  есепке  алмағанда,  бетке  ұстар  адамдарының 

өзі мұсылман болған еді. Амр ибн Жәмух та Исламды 

қабылдап, осылайша пұттарға деген сенімнің тамырына 

балта шабылған еді. Мұсғаб ибн Умәйр Аллаһ расулына 

қайтып оралады. Осыдан бастап Мұсғаб (р.а.) «Муқри», 

яғни «Құран үйретуші» деген атқа ие болады»

118

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет