Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет6/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Расулаллаһ және үмбеті

Аллаһ пен Мұхаммедтің 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 үмбеті 


арасындағы жағдай мына бір адамның халіне ұқсайды: 

Біреу  үй  тұрғызып,  дастархан  жайып,  ел-жұртты 

асқа шақыру үшін баласын жүгіртіп жібереді. Келген-

дер мол дастарханнан дәм татады. Келмегендер астан 

құр қалады. 

Мысалда  айтылған  үй  –  жұмақ,  үй  иесі  –  Аллаһ, 

шақыртушы – Мұхаммед 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

. Шақыруды 

қабылдағандар  –  Аллаһты  мойындаушылар,  ал 

қабылдамағандар Аллаһты мойындамағандар болып са-

налады. Пайғамбарымыз дінге сенген адамдар мен сен-

беген адамдардың аражігін осылай ашып көрсеткен

10

.



Тағы  бірде  Пайғамбар 

(с.а.с.)


:  «Біреу  өз  қауымына: 

«Мен  төніп  келе  жатқан  сұмдық  жау  қолын  көрдім, 

қауіп бар, ертерек қамданыңдар!» – дейді. Қауымның 

бір  бөлігі  әлгінің  айтқанына  құлақ  асып,  түн  жа-

мылып,  қауіпсіз  жаққа  қоныс  аударады.  Бір  бөлігі 

айтылғанға сенбей, жұртта қалады. Таңертең жау келіп, 

жұрттағыларды түгел қырып салады. Міне, осы мысал-

дан  маған  сенгендер  мен  сенбей  қасарысқандардың 

жағдайын көруге болады», – деген

11



Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


 былай дейді: «Біреу от жақты 

делік.  Көбелектер  мен  кейбір  жәндіктердің  жарыққа 

үймелейтіні  белгілі.  Олар  жарыққа  ұмтыламын  деп 

9

  Әбу Дәуіт, Сүнән 2/610 (4607)



10

  Бұхари, Сахих 6/2655 (6852)

11

  Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 5/60 (20624)




14

Сахабалар салған сара жол

жүргенде,  отқа  қалай  түсіп  кеткенін  сезбей  қалады. 

Бұны  жақсы  білетін  әлгі  адам  оларды  жасқап,  отқа 

жолатпауға  тырысады.  Бірақ,  жәндіктер  өте  көп 

болғандықтан,  бәріне  оның  шамасы  жетпейді.  Мен 

дәл сол адам сияқты сендердің отқа түспеулерің үшін 

қам жеп әлекпін, ал маған құлақ аспағандар әлгі отқа 

ұмтылған жәндіктер секілді»

12

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет