2. ПАйғАМбАР МЕн САхАбАлАРы
ТуРАлы АяТТАР
«Шын мәнінде, сені (адамдардың Хақ дінге деген
ықыластарына екі дүниеде де) куәгер, (иман етіп, ізгі
амал жасағандарды) қуантушы және (тура жолдан
тайғандарды) ескертуші ретінде жібердік. (Ей, адам-
дар мен жындар! Сондағы мақсат): Сендердің Аллаһқа
және елшісіне иман етулерің, дініне қолдау көрсетіп,
Аллаһқа лайық құрмет көрсетулерің, Аллаһты әрдайым
ертелі-кеш ұлықтап, пәктеулерің» («Фәтх», 48/8-9).
Қайырлы үмбет
«Сол күні әр үмбеттің өз ішінен олардың (Хақ дін-
ге қатысты ұстанымдарына) куәлік ететін бір-бір
куәгерден келтіреміз. Сені де өз үмбетіңе куәгер етіп
таңдаймыз. Саған осы қасиетті Кітапты – барлық
нәрсені ашып түсіндіруші және Аллаһқа бағынбағандар
үшін тура жолдың мінсіз қайнар көзі, шексіз рақым
әрі оларды қуантушы ретінде біртіндеп түсірдік»
(«Нахл», 16/89).
«(Ей, Мұхаммедтің үмбеті): Міне, осылайша
Біз сендерді барша адамзатқа (тура жолды нұсқап,
12
Бұхари, Сахих 5/2379 (6118)
15
Сахабалар салған сара жол
олардың істеріне) куәлік етсін, сондай-ақ, (өзге
үмбеттер сияқты тура жолдан адасып, шектен
шықпаған) Пайғамбар да сендерге куә болсын деп,
орта жолды ұстанған үлгілі үмбет еттік» («Бақара»,
2/143).
«Аллаһ жолында бар мүмкіндіктеріңді ортаға
салып, аянбай күресіңдер. Ол адамдардың ішінен сен-
дерді осы іске лайық деп таңдады әрі дінді ұстану
жолында сендерге ешқандай ауыртпалық жүктемеді.
Бұл – бабаларың Ибраһимнің сара жолы. Аллаһ бұдан
бұрын да, осы Кітапта да Пайғамбарды сендерге
(діндеріңе деген ықыластарыңа) куәгер ету, сондай-ақ
өздеріңнің барша адамзатқа куә болуларың үшін сен-
дерді – мұсылмандар деп атады. Олай болса, намазды
дұрыс оқыңдар, зекетті толық беріңдер және Аллаһқа
толық бағыныңдар. Ол – сендердің жалғыз Иелерің. Ол
– қандай жақсы Ие және қандай жақсы Қолдаушы!»
(«Хаж», 22/78).
Достарыңызбен бөлісу: |