Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Аллаһ пен расулына мойынсұнбағандарды



Pdf көрінісі
бет5/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Аллаһ пен расулына мойынсұнбағандарды 

не күтіп тұр?

«Ей,  иман  келтіргендер!  Пайғамбар  сендерді 



жан  бітіретін  (ақиқатты  көрулеріңе,  естулеріңе 

әрі  айтуларыңа  септігін  тигізетін)  нәрселерге 

шақырғанда,  Аллаһ  пен  елшісіне  игі  ниет  танытып, 

бойсұныңдар. Біліп қойыңдар! Аллаһ тағала адам мен 

оның  жүрегінің  арасына  бөгет  қояды  (адам  жүрегін 

рухани құлдырауға себеп болатындай етіп ақиқаттан 

адастырады). Соңында (дүниедегі істеріңнен жауапқа 

тартылу  үшін)  түгелдей  Аллаһтың  құзырына 

жиналасыңдар» («Әнфал», 8/24).

«(Оларға): Аллаһ пен елшісіне бойсұныңдар. Егер 



бағынудан  бас  тартып,  теріс  айналсаңдар,  біліп 

қойыңдар, Аллаһ кәпірлерді әсте ұнатпайды – деп айт» 

(«Әли Имран», 3/32).

3

   Тирмизи, Сүнән 5/46 (2678)



4

   Мүнзири, әт-Тарғиб уәт-тәрхиб 1/41 (65)

5

   Табарани, әл-Муғжамус-сағир 2/100 (856)



6

   әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/328 (937)




12

Сахабалар салған сара жол

«Кімде-кім Аллаһ пен елшісіне бағынбай Аллаһтың 



белгілеген  шеңберінен  шығатын  болса,  Аллаһ  оны 

мәңгілікке  отқа  тастайды.  Әрі  күйзелтуші  азап 

тартқызады» («Ниса», 4/14).

Аллаһ расулы болашақта болатын жағдайлар тура-

лы былай деген: «Бәни Исраил ұшыраған жағдайларға 

менің үмбетім де тап болады. Бәни Исраил жетпіс екі 

топқа бөлінді. Менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді. 

Бұлардың  біреуінен  басқасының  барлығы  тозаққа 

тасталады».

«Ол  қай  топ?»  –  деп  сұрағандарға  Расулаллаһ: 

«Менің  және  сахабаларымның  ұстанған  жолымен 

жүргендер», – деп жауап берген

7



Сахаба  Ибраз  ибн  Сария  былай  дейді:  «Бір  күні 



Пайғамбарымыз бізге намаз оқытты. Сосын жамағатқа 

қара  сөзден  қаймақ  айырып,  мағыналы,  мәнді  уағыз-

насихаттар  айтты.  Тыңдап  отырғандар  толқып, 

көздеріне жас алды. Бір уақытта жамағаттан бір адам 

тұрып:  «Әй,  Аллаһтың  расулы,  бізбен  бақұлдасып 

тұрған секілдісің, қандай өсиетіңді арнайсың?» – дейді. 

Расулаллаһ:  «Аллаһқа  құлшылық  жасауды,  билік  ба-

сына хабаштық

8

 бір құл келсе де, айтқан бұйрықтарын 



тыңдап,  қалтқысыз  бағынуды  өсиет  етемін.  Өйткені 

менен  кейін  тірі  қалғандарың  түрлі  келеңсіздіктерге 

куә боласыңдар. Сондықтан сүннетімді, тура жолдағы 

халифалардың  сүннетін  естеріңе  салып  отырған  се-

бебім бекер емес. Бұларды нық ұстаныңдар. Кейіннен 

пайда болған мәселелерде өте абай болыңдар. Өйткені, 

7

  Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 8/152 (7659)



8

  Эфиопиялық адам, қара нәсілді.




13

Сахабалар салған сара жол

сүннетке  қайшы  ойдан  шығарылған  нәрсе  –  бидғатқа 

жатады, ал бидғат – адасушылыққа апарады», – дейді

9





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет