|
Сахабалардың ерекшеліктері туралыБайланысты: sahabalar omiriСахабалардың ерекшеліктері туралы
Тәурат пен Інжілде де жазылған
«Олар – қолдарындағы Тәурат пен Інжіл-
де есімі мен сипаттары жазылған, хат таны-
майтын Пайғамбар әрі ең үлкен абыройлы Елшіге
бойсұнады. Пайғамбар оларға жақсылықты бұйырып,
жамандық атаулыдан тыяды, Аллаһтың зиянсыз
әрі таза етіп жаратқандарын – адал, зиянды әрі
лас еткендерін – арам қылып, бұрын-соңды (көне
шариғат заңдары бойынша) мойындарына жүктелген
ауыртпалықтардан арылтып, тұсаудан босатуда.
Пайғамбарға шынайы түрде иман етіп, барынша
құрметтеп, жәрдем бергендер, сондай-ақ, онымен
бірге түсірілген Нұрға (Құранға) ергендер, міне, солар
(дүние мен ақыретте) шынайы табыс пен жетістікке
жеткендер» («Ағраф», 7/157).
13
«Әли Имран» 3/159
17
Сахабалар салған сара жол
«Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Қасындағы
мүміндер кәпірлерге тым қатал, өзара (бір-біріне) өте
мейірімді. Әрдайым рукуғ , сәжде жасап, Аллаһтан
игілік пен разылық тілегенін көресің. Олардың белгісі –
жүздеріндегі сәжденің ізі мен нұры. Бұл – Тәураттағы
сипаттары. Ал, Інжілде болса: «Олар – бүршік жа-
рып, оны қуаттандырып, сабағы да жуандап, бой
көтерген егін тәрізді», – деп айтылған. Осылай-
ша олар өздерін еккен дихандарды таң қалдырса, ол
кәпірлердің ашу-ызасын келтіреді. Міне, Аллаһ тағала
солар сияқты иман келтіріп, сол иман негізінде ізгі амал
жасағандарды жарылқау мен үлкен сыйға бөлеуге уәде
берді» («Фәтх», 48/29).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|