Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың иран шаһы Кисраға



Pdf көрінісі
бет69/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   349
Пайғамбарымыздың иран шаһы Кисраға 

жазған хаты

Әбу Сәләма ибн Абдуррахман (р.а.) былай дейді: 

«Пайғамбарымыздың  хатын  Кисра  толық  оқымастан 

жыртып  тастады.  Сосын  Йемендегі  әкімі  Базанға 

«Хижаздағы  мына  адамға  екі  мықты  жігітіңді  жібер, 

оны  маған  алып  келсін»  деп  хат  жолдайды.  Базан 

өзінің көмекшісі, өкілі және данагөй хатшысы болған 

Ебанухқа  парсыша  хат  жаздырып,  Аллаһ  расулына 

(с.а.с.)  жібереді.  Қасына  Жәд  Жәмира  деген  ирандық 

біреуді  атқосшы  ғып  қосып  береді.  Хатында  Аллаһ 

расулына олармен бірге Кисраға келуін бұйырған еді. 

Шабарманына:  «Өзімен  сөйлесіп,  кім  екенін,  қандай 

адам  екенін  біліп  кел»,  –  дейді.  Әлгі  екеуі  жолға 

шығып,  Таифке  барған  кезде,  Құрайыштық  саудагер-

лерге  кезігеді.  Олардан  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  тура-

лы  сұрайды.  Саудагерлер  оның  Йәсрибте  (Мәдинада) 

екенін айтады. Сонда Құрайыш мүшріктері Кисраның 

132


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/266


118

Сахабалар салған сара жол

Пайғамбарымызға қарсы нақты іске көшкеніне қуанып: 

«Кисра  әлі-ақ  жазасын  береді,  енді  одан  құтылатын 

болдық», – дейді. Кисра Базанның адамдары Таифтен 

шығып,  Мәдинаға,  Аллаһ  елшісіне  барып  жолығады. 

Ебанух  Аллаһ  елшісіне:  «Кисра  Базанға  хат  жазып, 

сені  оған  ертіп  апаратын  адамдар  жіберуін  бұйырды. 

Базан менімен еріп баруың үшін мені саған жіберді», 

–  дейді.  Расулаллаһ:  «Әзірше  сендер  бара  тұрыңдар, 

ертең келіңдер, сол кезде сөйлесеміз», – дейді. Ертеңіне 

Расулаллаһқа  (с.а.с.)  барған  кезде,  оларға  Аллаһтың 

әмірімен  Кисраны  баласы  Ширәуәйхтің  пәлен  күні, 

пәлен  сағатта  өлтіргенін  хабарлайды.  «Сен  не  айтып 

тұрғаныңды  білесің  бе?  Мұны  Базанға  хатпен  жазып 

хабарлайық па?» – дейді. 

Аллаһ  расулы:  «Иә,  жазыңдар.  Сонымен  қатар, 

егер  мұсылман  болса,  қол  астындағыларды,  билікті 

өзіне қалдыратынымды да айтыңдар», – дейді. 

Сосын Расулаллаһ өзіне сыйға берілген, ішіне ал-

тын мен күміс толтырылған тостағанды Жәд Жәмираға 

табыс  етеді.  Олар  елдеріне  қайтып,  Базанға  келіп, 

болған  жағдайды  баяндайды.  Базан:  «Бұл  билеушінің 

аузынан  шығатын  сөзге  ұқсамайды.  Айтқандарының 

дұрыс-бұрыстығын көреміз», – дейді. Арада көп уақыт 

өтпей, Ширәуайхтан хат алады. Хатта былай жазылған 

еді:


«Парсы халқының пайдасы үшін Кисраны өлтірдім. 

Өйткені ол парсылардың әулетінен әулет қоймай, қырып 

бітетін  болды.  Менің  атымнан  сен  жақтағылардың 

бағыныштылығына  қатысты  ант  беру  рәсімін  өткіз. 

Кисраның саған хат арқылы айтқан, өзіне жіберуін әмір 

еткен кісіге (Пайғамбарға) қарсы келіп, асығыс әрекет 

жасама». Базан бұл хатты оқып: «Ол кісі расында анық 



119

Аллаһ пен расулына шақыру

пайғамбар екен», – деп мұсылмандықты қабылдайды. 

Осыдан соң Йемендегі парсы зиялыларының барлығы 

дерлік Исламға кіреді

133





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет