Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет77/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

136

Сахабалар салған сара жол

Сүһәйл:  «Бізден  сенің  дініңе  кіргісі  келген  ер 

кісілерді өзімізге қайтарасың», – дейді. Мұсылмандар: 

«Субханаллаһ!  Мұсылман  болып  келген  адам 

мүшріктерге қалайша қайтарылады?» – деп наразылық 

білдірді. 

Дәл сол кезде Сүһәйлдің баласы Әбу Жәндәл (р.а.) 

аяғындағы  бұғауымен  шыға  келеді.  Мұсылмандықты 

қабылдағандықтан,  мүшріктер  оның  аяғын  кісендеп 

қойған  еді.  Меккенің  төменгі  жағындағы  қамаудан 

қашып  шығып,  мұсылмандардың  қасына  келген  беті 

болатын.  Сүһәйл:  «Уа,  Мұхаммед!  Бұл  –  сенімен 

келісім  жасасатын  баптарымыздың  әлі  алғашқысы. 

Әбу  Жәндәлді  маған  қайтарып  беруің  керек»,  –  деді. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Келісім-шартқа 

әлі  қол  қойған  жоқпыз»,  –  дейді.  Сүһәйл  «Егер  Әбу 

Жәндәлді өзімізге қайтармасаң, басқа ешбір мәселеде 

сенімен келісім-шартқа отырмаймын», – деді. Сол кез-

де Аллаһ расулы: «Ендеше, мынаны босат, содан кейін 

қол қой», – дейді. Сүһәйл: «Босата алмаймын», – дей-

ді.  Пайғамбарымыз:  «Мұны  мен  үшін  жаса»,  –  дейді. 

Сүһәйл:  «Жасай  алмаймын»,  –  деп  қасарысып  тұрып 

алады. Құрайыштың тағы бір елшісі Миқраз босатуға 

келіссе де, Сүһәйл бұған көнбейді. Әкесінің әрекетіне 

қарап  үмітін  үзген  Әбу  Жәндәл:  «Ей,  мұсылман 

жамағаты!  Мұсылман  болып  араларыңа  келгенде, 

мені мүшріктерге кері қайтармақсыңдар ма? Менің не 

жағдайға ұшырағанымды көріп тұрған жоқсыңдар ма?» 

–  деп  айқайлайды.  Шындығында,  Әбу  Жәндәл  Аллаһ 

жолында көптеген ауыр зорлық-зомбылыққа ұшыраған 

еді. Омар (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың жа-

нына барып: 




137

Аллаһ пен расулына шақыру

–  Сен Аллаһтың хақ пайғамбары емессің бе? – деп 

сұрадым. Ол: 

–  Иә, Аллаһтың пайғамбарымын, – деді. 

–  Біз ақиқаттың жолындамыз, ал олар қате жолда, 

солай емес пе? – дедім. 

–  Иә, солай, – деді ол. 

–  Олай  болса,  неліктен  дінімізден  төлем  төлеп, 

олардың кемсіткеніне төземіз? – деп сұрадым. 

–  Мен пайғамбармын, Аллаһқа қарсы келген емес-

пін, Ол – менің жебеушім, – деді ол. Мен: 

–  Сен  бізге  жақында  Бәйтуллаһқа  барамыз,  оны 

тауап етеміз деген жоқ па едің? – дедім. Ол: 

–  Иә, дедім, бірақ мен саған биыл барамыз дедім 

бе? – деп сұрады. Мен: 

–  Жоқ, олай деген жоқсың, – дедім. Сонда ол: 

–  Сен  Қағбаға  барып,  оны  міндетті  түрде  тауап 

етесің, – деді. 

Сосын Әбу Бәкірдің қасына барып: 

–  Ей, Әбу Бәкір! Бұл кісі Аллаһтың хақ пайғамбары 

емес пе? – деп сұрадым. 

–  Хақ пайғамбары, – деді ол. 

–  Олай  болса,  біз  тура,  хақ  жолдамыз,  ал 

дұшпандарымыз қате жолда емес пе? – дедім. 

–  Иә, солай, – деді ол. 

–  Олай  болса,  неге  келісімде  ұтылып,  кемсіту-

ге шыдауымыз керек, – деп Пайғамбарымызға қойған 

сұрақтарымды оған да қойдым. Ол: 

–  Мұхаммед 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Аллаһтың  ра-

сулы,  бұған  еш  күмәнің  болмасын.  Ол  Раббысына 

қарсы шықпайды. Аллаһ пайғамбарына міндетті түрде 

көмектеседі.  Сен  айтқан  бұйрықтарын  екі  етпе.  Ол 

нағыз ақиқаттың жолында, – деп жауап берді. 



138

Сахабалар салған сара жол

–  Ол бізге жақында Қағбаға баратынымызды, оны 

тауап ететінімізді айтқан жоқ па еді? – дедім. 

–  Иә,  айтты,  бірақ  биыл  баратынын  айтты  ма?  – 

деді.

–  Жоқ, – дедім мен. Әбу Бәкір (р.а.): 



–  Сен  міндетті  түрде  Қағбаға  барасың  және  ол 

жерді тауап етесің, – деді. 

Омар (р.а.): «Сол күнгі әрекетіме өкініп, кейіннен 

бірталайға  дейін  садақа  беру,  ораза  тұту,  намаз  оқу, 

құл азат ету сияқты бірқатар ізгі істер атқарып, кінәмді 

жуып-шайғандай болдым», – дейді. 

Хадисті  жеткізуші  айтады:  «Пайғамбар 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  бейбітшілік  келісімшарты  жазылып, 

қол  қойылғаннан  кейін  сахабаларына:  «Тұрыңдар, 

құрбандықтарыңды  шалып,  шаштарыңды  алыңдар!» 

–  деді.  Ешкім  орнынан  қозғала  қоймады.  Тіп-

ті  Расулаллаһ  бұл  сөзін  үш  рет  қайталаса  да,  ешкім 

тұрмайды.  Пайғамбарымыз  әйелі  Үммі  Сәламаның 

(р.а.)  қасына  барып,  сахабалардың  осынау  тосын 

әрекеті  туралы  айтады.  Сонда  Үммі  Сәлама  анамыз: 

«Уа,  Аллаһтың  пайғамбары!  Бұйрығыңызды  олардың 

орындағанын  қалайсыз  ба?  Олай  болса,  сыртқа 

шығыңыз  да,  құрбандыққа  шалынатын  түйелеріңізді 

сойып,  шашыңызды  алғызыңыз,  оған  дейін  олардың 

ешқайсысымен сөйлеспеңіз», – дейді. 

Расулаллаһ сыртқа шығып, ешкіммен сөйлеспестен, 

құрбандық түйелерін сойып, шашын алғызады. Мұны 

көрген  сахабалар  да  құрбандықтарын  шалып,  бір-

бірінің шаштарын ала бастайды. Аллаһ расулы шашын 

алдырып  болғаннан  кейін,  оның  алдына  Меккеден 

һижрет еткен мүмін әйелдер келеді. Хақ тағала сонда 

мына аятты түсіреді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет