Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет72/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   349
123

Аллаһ пен расулына шақыру

«Мені ақиқатпен жіберген Раббыма ант етемін, алғашқы 

келгендеріңде  қастарыңда  шайтан  бар  еді»,  –  дейді. 

Олар  Пайғамбарымызға,  Пайғамбарымыз  оларға  бір-

неше сұрақ қояды. Соңында Расулаллаһқа (с.а.с.): «Иса 

туралы не айтасыз? Біз христианбыз, елімізге қайтамыз. 

Егер пайғамбар болсаң, сенен Иса туралы есту біз үшін 

үлкен  ғанибет»,  –  дейді.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәлләм)

:  «Дәл  қазір  Иса  туралы  менде  дерек  жоқ.  Иса 

туралы  Раббымның  маған  уахи  жібергенін  күтіңдер, 

келгенде  сендерге  хабар  беремін»,  –  дейді.  Ертеңінде 

Хақ  тағала  мазмұны  мынадай  аяттарды  түсіреді: 



«Анығында,  Аллаһ  алдында  Исаның  мысалы  (әкесіз 

жаратылуы) Адамның жаратылысымен пара-пар еді. 

Адамды да Аллаһ топырақтан жаратып, оған «Бол» 

деген,  ол  (адам)  болып  шыға  келген-тін.  Бұл  –  Аллаһ 

тарапынан жіберілген ақиқат, сен оған күмән келтір-

ме.  Сен  (Иса)  туралы  шындыққа  қаныққаннан  кейін, 

ол жайлы әлдебіреулер дау шығарса, былай де: «Қане, 

келіңдер,  балаларымды,  әйелдерімді  мен  де  жинай-

мын,  балаларыңды,  әйелдеріңді,  сендер  де  жинаңдар, 

өзіміз де бірге болайық, сонан соң жалған айтушылар 

Құдайдың қарғысына ұшырасын – деп, лағынет айтып, 

дұға оқиық» – де» (Әли Имран, 3/59-61).

Олар  бұл  аятта  айтылған  шындықтарға  сенбейді. 

Сонда  Пайғамбарымыз  Аллаһтың  бұйрығымен  олар-

ды  ашық  қарғасуға  шақырды.  Ертеңіне  Аллаһ  расу-

лы (с.а.с.) екі немересі Хасан мен Хүсейінді шашақты 

барқыт  жаймаға  орап,  қызы  Фатиманы  ертіп,  өзара 

қарғасу (мүләана)

136


 үшін алдарынан шығады. Шурах-

бил  екі  жолдасына:  «Білесіңдер,  Нәжид  жазығының 

136

 Мүләана  –  өзара  қарғасу,  бір-біріне  жамандық  тілеу  деген 



мағынаны береді. 


124

Сахабалар салған сара жол

тұрғындарының  бәрі  менің  сөзімді  тыңдайды.  Біздің 

жағдайымыз ауыр сияқты. Егер бұл кісі шынымен де 

пайғамбар болса, арабтардың ішінде оған алғаш қарсы 

шыққандар  біз  боламыз.  Бізді,  мал-мүлкімізді  бір 

бәлеге  ұшыратпайынша,  оның  да,  сахабаларының  да 

кәрінен құтыла алмаспыз. Дегенмен арабтардың ішін-

де  олардың  ең  жақын  көршісі  бізбіз.  Мұхаммед,  өзі 

айтқандай, Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбар бол-

са, онымен керісіп, опа таппаймыз, бәріміз құримыз!» – 

дейді. Жолдастары: «Енді не істейміз? Нақты ұсынысың 

қандай?»  –  деп  абдырай  сұрайды.  Әбу  Мәриям: 

«Мұхаммедті  арамыздан  қазы  етіп  тағайындайық,  ол 

әділетсіздікке  баратын  адамға  ұқсамайды»,  –  дейді. 

Жолдастары: «Ендеше, бұл мәселені екеуің шешіңдер», 

–  дейді.  Шурахбил  Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)


  барып:  «Сенімен  қарғасудан  басқа  ұсынысым 

бар», – дейді. Пайғамбарымыз: «Ол не?» – деп сұрайды. 

Шурахбил:  «Ертеңге  дейін  ойлан,  біз  туралы  қандай 

шешім  қабылдасаң  да,  ризалық  танытамыз»,  –  дей-

ді.  «Сыртыңнан  сенің  сөзіңді  құптамайтындар  шықса 

ше?»  –  деп  сұрағанда,  «Екі  жолдасымнан  сұрап 

көріңіз», – дейді Шурахбил. Серіктері: «Шурахбилдің 

рұқсатынсыз  ешкім  оның  сөзінен  шыға  алмайды»,  – 

дейді.  Осыдан  кейін  Пайғамбарымыз  кері  қайтады. 

Ертеңіне  нәжрандықтар  Аллаһтың  елшісіне  барып 

жолығады. Пайғамбарымыз оларға мынадай хат жаза-

ды: 


«Аса қайырымды, ерекше рақымды Аллаһтың аты-

мен!


Аллаһ  расулы  –  Мұхаммед  Нәжран  халқына  мы-

надай  бейбіт  келісім  ұсынады:  Өздерінен  артылған 

өнімге, алтын, күміс сияқты асыл тастарға салық салы-



125

Аллаһ пен расулына шақыру

нады. Алайда бұл салықтың орнына екі мың киім (жыл 

сайын мыңы ережеп және мыңы сафар айында) берілсе, 

алтын-күміс, асыл тастарың өздеріңде қалады»

137



«әл-Бидаядағы» риуаятта былай жазылған: «Аллаһ 



расулының Нәжран халқына жазған бейбіт келісімшар-

тына  Әбу  Суфиян  ибн  Харб,  Жайлан  ибн  Амр,  Бәни 

Насрдан Мәлік ибн Ауф, Ақра ибн Хабис әл-Ханзали 

және Муғира куәгер болды. Аталмыш топ хатты алып, 

Нәжранға қайтады. Нәжран епископының Әбу Алқама 

деген  атпен  белгілі  Бишр  ибн  Мұғауия  деген  немере 

інісі  бар  еді.  Олар  хатты  епископтың  қолына  табыс 

етеді. Ол хатты оқыған кезде, Бишр қасында еді. Екеуі 

түйе үстінде болатын. Сол сәт түйесі сүрініп, омақаса 

құлаған  Бишр  Аллаһ  расулының  атын  атап:  «Қарғыс 

атсын сені», – дейді. Епископ: «Сен Аллаһ тарапынан 

жіберілген пайғамбарды қарғадың», – дейді. 

Бишр:  «Мен  Аллаһ  расулынан  кешірім 

сұрамайынша,  мына  түйенің  тізгінін  ұстамаймын», 

–  деп,  Мәдинаға  жол  тартады.  Епископ  оның 

соңынан қуып жетіп: «Мені жақсылап түсініп ал. Біз-

ді  «Арабтардың  ішінде  беделді  тайпасы  бола  тұра, 

басқа  арабтар  бас  имеген  адамға  мойынсұнды»  дей-

тінінен  қорыққандықтан,  арабтар  менің  өз  аузымнан 

шыққан сөзді әдейі білсін деп осылай айттым», − десе 

де,  Бишр:  «Жоқ,  енді  сенің  ойдан  шығарғандарыңды 

қабылдамаймын», – деп, түйесін қамшылап, Мәдинаға 

құйын-перен шаба жөнеледі. 

Бишр  Соңғы  елшіге 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  жолығып, 

мұсылмандықты  қабылдайды.  Ақтық  демі  үзілгенше, 

Пайғамбарымыздан бір елі ажыраған жоқ. 

137

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/55




126

Сахабалар салған сара жол

Риуаят  былай  жалғасады:  «Пайғамбарымызға 

жолығып  қайтқан  топ  Ибн  Әбу  Шәмр  әз-Зәбиди 

монастырының  төбесінде  отырған  попқа:  «Хижаздан 

бір пайғамбар шығыпты», – деп, Нәжраннан аттанған 

топтың Аллаһ расулына барғанын, Пайғамбарымыздың 

оларға  қарғасуды  ұсынғанын,  олардың  бұл  істен  бас 

тартқанын,  Бишр  ибн  Мұғауияның  мұсылмандықты 

қабылдағанын  жіпке  тізгендей  айтып  береді.  Сонда 

дінбасы: «Мені мына жерден түсіріңдер, әйтпесе өзімді 

тастап  жіберемін»,  –  дейді.  Дінбасы  Аллаһ  расулына 

(с.а.с.) барады. Ол Пайғамбарымызға қазір халифалар 

киіп жүрген шапан, қалың, үлкен шыныаяқ пен асатаяқты 

тарту  етеді.  Дінбасы  біраз  уақыт  Пайғамбарымыздың 

қасында болып, уахилардың жай-жапсарына қанығады. 

Көп  ұзамай  еліне  қайтады.  Алайда  оған  Ислам  нәсіп 

болмайды. Қайтып келетініне уәде бергенімен, уақытты 

созып  жүріп  алғандықтан,  берген  сертін  орындай  ал-

май қалады. Пайғамбарымыз өмірден озған еді. Алайда 

епископ  Әбул-Харис,  Сәйд,  Ақыб  және  басқа  да  бет-

ке  ұстар  адамдарды  ертіп,  Пайғамбарымызға  барады. 

Біраз  уақыт  Пайғамбарымыздың  қасында  болып,  Хақ 

тағаланың түсірген уахилерін тыңдайды». 

  Аллаһ расулы Мұғира ибн Шұғбаға, осы епископ пен 

Нәжранның басқа да епископтарына арнап мынадай хат 

жазады: 


«Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен. 

Пайғамбар  Мұхаммедтен  епископ  Әбул-Харис  пен 

Нәжран  епископтарына!  Көріпкелдеріне,  дінбасыла-

рына және солардың қарамағындағы барша адамдарға! 

Аллаһ пен пайғамбарының қамқорлығына кіру епископ-

ты епископтықтан, дінбасын дінбасылықтан, көріпкелді 

көріпкелдіктен тыймайды, құқықтарынан айырмайды. 



127

Аллаһ пен расулына шақыру

Халыққа  тізе  батырмай  қызмет  етіп,  жол  көрсеткен 

жағдайда  олар  Аллаһ  пен  расулының  қамқорлығында 

болады»


138

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет