Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет76/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   349
134

Сахабалар салған сара жол

бетіне тіктеп қарамайды», – дейді. Уруа Құрайыштық 

жолдастарының  қасына  оралғанда  былай  дейді:  «Ей, 

қауымым!  Мен  көптеген  патшаның  алдына  елші  бо-

лып  бардым.  Цезарьдің,  Кисраның,  Нәжашидің  көзін 

көрдім. Аллаһқа ант етемін, сахабалардың Мұхаммедке 

көрсеткен құрметі мен тағзымын еш жерден кездестір-

медім. Ол, шынында да, сендерге қайырлы ұсыныс жа-

сады, қабылдағандарың жөн», – дейді. 

Сонда Кинанаұлдарынан біреу Құрайышқа: «Маған 

рұқсат  беріңдер,  Мұхаммедке  мен  барайын»,  –  дейді. 

«Барсаң, бар», – дейді олар. 

Ол  Пайғамбар 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  мен  сахабала-

рына  бет  алғанда,  Аллаһ  расулы:  «Бұл  пәлен  деген 

адам,  Меккеде  қажылардың  шалған  құрбандықтарын 

құрметтейтін  тайпадан.  Құрбандыққа  шалынатын 

түйелерді  оның  алдына  салып  беріңдер»,  –  дей-

ді.  Түйелер  берілгеннен  кейін,  сахабалар  «Ләббәйк 

аллаһумма  ләббәйк»  деп,  ол  адамды  күтіп  алады.  Ол 

бұл көрініске толқып: «Субханаллаһ. Мына жамағатқа 

Қағбаны  зиярат  етуге  тыйым  салудың  жөні  жоқ»,  – 

дейді сүйсініп. Құрайыштарға «Мен мойындарына бел-

гілер тағылған, оң жақтарына ен салынған құрбандық 

түйелерді  көрдім.  Мұсылмандарға  Қағбаны  зиярат 

жасауға тыйым салу, меніңше, дұрыс емес», – дейді. 

Сонда  Миқраз  ибн  Хафс  деген  адам  орнынан 

тұрып: «Рұқсат етіңіз, мен барайын», – деп, ол да жолға 

шығады.  Миқраз  жақындағанда,  Аллаһ  расулы  саха-

баларына:  «Мына  келе  жатқан  Миқраз,  мінезі  нашар, 

пасық адам», – дейді. 

Миқраз  Пайғамбарымызбен  тілдеседі.  Сол  кез-

де  Сүһәйл  ибн  Амрдың  төбесі  көрінеді.  Сүһәйл  кел-

ген соң, Пайғамбарымыз «оңай» деген мағына беретін 



135

Аллаһ пен расулына шақыру

оның есімін меңзеп: «Енді ісіміз жеңілдейтін болды», 

– дейді. Сүһәйл Пайғамбарымызға: «Қане, сенімен бей-

біт келісім-шартқа отырайық», – дейді. Пайғамбарымыз 

хатшы  шақыртып,  оған:  «Бисмилләһир-Рахманир-

Рахим»  деп  жаз»,  –  дейді.  Сүһәйл:  «Мен  рахманның 

не екенін білмеймін, бұрынғыша «Бисмикәллаһумма» 

деп  жаздыр»,  –  дейді.  Мұсылмандар:  «Бисмилләһир-

Рахманир-Рахимнен»  басқа  сөз  жазбаймыз»,  –  деп 

қарсылық білдіреді. 

Сонда  Аллаһ  расулы (с.а.с.): «Бисмикәллаһумма» 

деп  жаз»,  –  дейді.  Сосын  оған  «Бұл  Аллаһтың 

пайғамбары  Мұхаммедтің  Құрайышпен  жасасқан 

келісім-шарты»  деп  қосуды  бұйырады.  Сүһәйл:  «Біз 

сенің пайғамбар екеніңді қабылдасақ, саған Қағбаны зи-

ярат етуге кедергі келтіріп, сенімен соғыспас едік. Жоқ, 

болмайды, Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырасың», 

–  дейді  көнбей.  Расулаллаһ:  «Сендер  сенбесеңдер  де, 

бәрібір мен Аллаһтың расулымын», – дейді де, хатшыға 

«Абдуллаһұлы Мұхаммед» деп жаздырады. 

Бұл  хадисті  жеткізушілердің  бірі  Зүхридің  ай-

туынша: «Расулаллаһтың Сүһәйлдің бұл ұсыныстарын 

қабылдау себебі мынада еді: Пайғамбарымыздың одан 

бұрынырақ  «Аллаһтың  харам  аймағындағы  қасиетті 

нәрселердің құрметіне Құрайыштар менен не қаласа да 

беремін» деген уәдесімен түсіндіреді. 

Пайғамбарымыздың  «Бізге  Бәйтуллаһты  зиярат 

етуге  кедергі  келтірмеңдер,  тауап  жасайық»  деген 

ұсынысына  Сүһәйл:  «Уаллаһи,  қысым  көргендіктен 

бұған  көнді  дейтін  арабтардың  пыш-пыш  сөзіне  жол 

бермес  үшін,  биыл  сендерді  жібере  алмаймыз.  Зия-

ратты келесі жылдан бастаңдар», – дейді. Сөйтіп, бұл 

мәселенің тігісі осылай жатқызылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет