140
Сахабалар салған сара жол
рады. Оның ес-түсі қашып, үрейден абыржыған түрін
көрген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Мына
кісі қиын бір жағдайға тап болса керек», – дейді. Ол
Пайғамбарымызға: «Өлтірді! Жолдасымды өлтірді!
Мені де өлтіреді!» деп жанұшыра айқайлайды. Оның
ізінше іле-шала келген Әбу Басыр: «Уа, Расулаллаһ,
Аллаһқа берген сөзіңде тұрдың, мені мүшріктерге
қайтарып бердің. Сосын Хақ тағала мені мүшріктерден
құтқарды», – дейді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Әттеген-
ай, Әбу Басыр мына әрекетімен келісімшартымызды
бұзатын болды», – дегенде, Әбу Басыр бұл сөзден өзін
оларға қайтарып беретінін түсінеді де, дереу қарасын
батырады. Ойланып жатпастан теңіздің жағасына жол
тартады.
Хадисші айтады: «Сүһәйлдің баласы Әбу Жәндал
да қашып шығып, Әбу Басырдың тобына қосылып,
Исламды қабылдайды. Құрайыштан қашқандардың
барлығы Әбу Басырды жағалайды. Тіпті бара-ба-
ра үлкен қауымға айналады. Олар Шамға қарай
шыққан Құрайыштың керуеніне шабуыл жасап, талан-
таражға салып, тонап кететін. Әбу Басыр мен оның
тобындағылардың бұл бассыздығынан мезі болған
Құрайыштар пайғамбарымызға хабар жіберіп, арадағы
туыстықты алға тартып, Әбу Басырдың қауымын қасына
алуына өтініш білдіреді. Меккеден оған баратындардың
бұдан былай қауіпсіздікте болатынын, кері қайтаруды
сұрамайтындықтарын, осылайша өздері енгізген баптан
бас тартатындығын білдіреді. Аллаһ расулы Әбу Ба-
сыр мен адамдарына хабар жіберіп, олардың Мәдинаға
келуін сұрайды. Осыған орай, Хақ тағала мына аятты
түсіреді:
141
Аллаһ пен расулына шақыру
«Ең әуелі Аллаһ олардың сендерге күш көрсетуін
тосты. Сонымен бірге, сендер жеңген соң, Меккеде
сендердің оларға күш көрсетулеріңді де тоқтатты.
Сендердің не істейтіндеріңді Тәңірдің өзі көріп тұрады.
Олар кәпір болды. Сендерді Харам мешітіне жібер-
меді, әрі сендердің қолдарыңдағы құрбандық (малын)
тиісті жеріне жеткізуге кедергі жасады. Меккеде
сендер білмейтін мүміндердің еркек, әйелдері бар бо-
латын. Байқаусызда оларды өлтіріп қойсаңдар, күнәға
батар едіңдер. (Сол үшін де Аллаһ сендерді Меккеге
басып кіруден тыйды). Бұл да Оның рақымдылығы еді.
Егер олардың жігі анық белгілі болса (яғни мүміндер
мен кәпірлер айқын ажыратылса), онда кәпірлерді
ауыр азаппен жазалар едік. Кәпірлердің жандарын-
да қызуқандылық – жаһилият (надандық) дәуірінің
қызулығы қайнап тұрғанда, Аллаһ пайғамбарының да,
мүміндерінің де көңіліне тоқтау (салқынқандылық)
салды. Олар тақуалық ниетінде (Бір Аллаһқа сүйену
ниетінде) болды. Мүміндер тақуалық ниетке лайық
және солай болуға тиісті еді. Бар нәрсені бір Аллаһ өзі
біледі»
(Фәтх, 48/24-26).
Олардың надандығы мен қыңыр-қисық мі-
незі Пайғамбарымызды (с.а.с.) мойындамауынан,
«бисмилләні» қабылдамауынан және мұсылмандардың
Қағбаны тауап етуіне кедергі келтіргенінен аңғарылған
болатын
140
.
Достарыңызбен бөлісу: