Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет112/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

29. АдАМдАРдың ТуРА Жолды 

ТАңдАуынА СЕбЕП болғАн 

САхАбАлАРдың ЖАҚСы МІнЕЗдЕРІ 

МЕн ӘРЕКЕТТЕРІ

Амр ибн Жәмухтың исламға кіруі үшін ба-

ласы мен Муаз ибн Жәбәлдің жасағандары

Ибн  Ысхақ  айтады:  Ансарлар  Ақабада  Пайғам-

барымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  серт  бергеннен  кейін, 

Мәдинада  Исламның  іргесі  бекіп,  күшейе  түсті. 

Бірақ,  араларында  мүшріктер  әлі  де  болса  кездесетін. 

Солардың бірі – Амр ибн Жәмух. Оның баласы Муаз 

Ақабада  болып,  Пайғамбарымызға  серт  берген  еді. 

Амр Сәламаұлдарының ақсүйектерінен болатын. Басқа 

да тектілер секілді ол да үйіне Мәнат деген ағаш пұт 

істеткен  болатын.  Күн  сайын  сол  пұттың  тазалығын 

қадағалайтын. Сәламаұлдарынан Муаз ибн Жәбәл, Амр 

ибн  Жәмухтың  баласы  Муаз  және  басқа  да  Исламға 

кірген  бір  топ  жастар  түн  жамылып  барып,  аталмыш 

пұтты  алып,  Сәламаұлдарының  қоқысына  тастайды. 

181

 Табари, Тарих 5/9




213

Аллаһ пен расулына шақыру

Таңертеңгісін пұтты орнынан таба алмаған Амр: «Бүгін 

түнде тәңірімізге қай оңбаған жауыздық жасады?» – деп 

қалтарыс-бұлтарысқа дейін сүзіп, іздеуге кіріседі. Та-

уып алып, шаң-тозаңын сүртіп, оған хош иістер сеуіп: 

«Аллаһқа  ант  етемін,  мұны  жасаған  адамды  ұстасам, 

көресіні көрсетер едім», – дейді. Түн қараңғылығында 

әбден  ұйқыға  кетті-ау  дегенде,  жастар  пұтты  тағы 

қоқысқа  тастайды.  Бұл  қолайсыз  жағдай  бірнеше  рет 

үсті-үстіне қайталанды. Бірде ол пұтты әбден тазалады. 

Үстіне  хош  иіс  септі.  Содан  соң  мойнына  қылышын 

іліп,  «Бұларды  саған  кім  істеп  жүргенін  білмеймін, 

қолыңнан  келсе,  өзіңді  қорға,  міне,  қылыш»,  –  деп 

тастап кетеді. 

Үшінші  түні  де  жастар  пұттың  мойнындағы 

қылышты  алып,  оған  өлген  итті  қосақтап  шұңқырға 

тастайды. Ертеңіне Амр өлген итке қосақталған пұтты 

шұңқырдан  тауып  алады.  Өзінің  ағаттығын  түсініп, 

мұсылман болғандарға барып, иман келтіріп, Исламға 

кіреді. Кейін ол нағыз мүмін атанды

182

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет