Сәлама ибн Қайс әл-Әшжаи басқарған
сахабалардың қарсыластарын исламға
шақыруы
Сүлеймен ибн Бүрәйда былай дейді: «Жорыққа ат-
тандыру мақсатында мүміндерден әскер жасақталған
кезде, Омар
(р.а.)
оларға фиқһты жақсы білетін білімді,
білгір адамды қолбасшы етіп тағайындайтын. Бір жолы
әскерге Сәлама ибн Қайс әл-Әшжаиді қолбасшы етіп
тағайындап, оған былай деп насихат айтты: «Аллаһтың
атымен қадам бас, Аллаһты мойындамағандарға қарсы
дін жолында жиһад жаса. Мүшрік дұшпандарыңмен
кездескенде, оларды үш нәрсеге шақыр: әуелі,
Исламға шақырыңдар. Мұсылман болып, өз елдерін-
де қалғылары келсе, малдарынан зекет алынатынын,
Ислам әскерлері алған олжалардан оларға берілмей-
тінін, сендермен бірге болып, жиһадқа қатысқысы
келсе, сендердің жауларыңның оларға да жау болаты-
нын, сендердің жақтастарыңның оларға да жақтас бо-
латынын айтыңдар. Исламға кірмесе, жизия төлеуге
шақырыңдар. Қабылдаса, оларды дұшпандарынан
қорғаңдар, бірақ шамасы келмейтіндей мөлшерде жи-
зия жүктемеңдер. Жизия төлеуге келіспесе, олармен
соғысыңдар. Аллаһ сендерге көмектеседі. Егер қандайда
бір бекіністі паналап, сосын ол жерден Аллаһ пен
расулының үкіміне келісім білдіріп шығатындықтарын
айтса, олардың бұл ұсынысын қабылдамаңдар. Өйткені
Аллаһ пен расулының олар туралы қандай үкім бер-
генін білмейсіңдер. Сендерден Аллаһ пен расулының
атынан кепіл талап етсе, оны да бермеңдер. Бірақ өз
аттарыңнан уәде беріңдер. Соғыста жеңіске жетсеңдер,
олардың барлық мал-мүлкін талан-таражға салып,
212
Сахабалар салған сара жол
қиянат жасамаңдар. Денелерін кескілеп, қорламаңдар,
балаларды өлтірмеңдер».
Сәлама (р.а.) айтады: «Біз алға жылжыдық.
Мүшрік дұшпандарымызбен бетпе-бет келдік. Олар-
ды мүміндердің әміршісінің насихатымен Исламға
шақырдық, қабылдамады. Жизия төлеуге шақырдық,
қабылдамады. Сосын олармен соғысуға мәжбүр болдық.
Нәтижеде, Аллаһ бізге жеңіс нәсіп етті. Әскерлерін
өлтірдік, бала-шағаларын тұтқынға алдық, шашылған
заттарын жинастырдық»
181
.
Достарыңызбен бөлісу: |