Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу дәрданың исламға кіруі және сол жол-



Pdf көрінісі
бет113/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу дәрданың исламға кіруі және сол жол-

да ибн Рауаханың жасағандары

Уақиди  былай  деп  жазады:  «Әбу  Дәрда  (р.а.) 

өзінің отбасы ішінде Исламды қабылдаған соңғы адам 

болатын.  Пұтқа  әлі  табынып  жүрген  кезі  еді.  Пұттың 

бетін сүлгімен тұмшалап қоятын. Абдуллаһ ибн Рауаха 

оны  Исламға  шақыратын,  ал  ол  оның  сөзін  құлағына 

да  қыстырмайтын.  Ибн  Рауаха  Исламнан  бұрын  Әбу 

Дәрдамен  туысқан  еді.  Күндердің  күні  Ибн  Рауаха 

әдеттегіше  Әбу  Дәрданың  үйіне  бет  алады.  Анадай-

дан  Әбу  Дәрданың  үйінен  шығып,  басқа  жаққа  кетіп 

182

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/166




214

Сахабалар салған сара жол

бара  жатқанын  байқап  қалады.  Ол  Әбу  Дәрданың 

табалдырығынан  аттайды,  әйелі  шашын  тарап  отыр 

екен. Одан: «Әбу Дәрда қайда?» – деп сұрайды. «Жаңа 

ғана шығып кетті», – дейді әйелі ештеңеден қаперсіз. 

Ибн  Рауаха  (р.а.)  қолына  балта  алып,  пұт  тұрған 

жерге  кіріп,  ішінен  шайтандардың  есімін  күбірлей 

жүріп әрі «Аллаһтың жанында тәңір деп аталған барлық 

нәрсенің  негізі,  тамыры  жоқ»  деген  өлең  жолдарын 

қайталай  айтып,  пұтты  қиратып  тастайды.  Балтаның 

даусын  естіген  үй  иесі:  «Ибн  Рауаха,  бұның  не?!»  – 

деп айқайлайды. Ибн Рауаха (р.а.) түк болмағандай ол 

жерден қарасын батырады. Әбу Дәрда жылап отырған 

әйелінің үстінен түседі. «Не болды?» – деп, мән-жайды 

сұрағанда, «Бауырың Ибн Рауаха келіп, пұтты қиратып 

кетті», – дейді. 

Әбу Дәрданың талағы тарс айырылады. Сабасына 

түскен соң, ішінен: «Пұттың қолынан бір нәрсе келсе, 

өзін қорғап қалар еді ғой», – деп ойлайды. Ибн Рауа-

ханы тауып алып, Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

барып, мұсылман болады»



183

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет