6. СөЗ ТыңдАуғА ЖӘнЕ МойынСұнуғА
бЕРІлгЕн СЕРТ
убада ибн Самиттің айтқандары
Убайдуллаһ ибн Рафи (р.а.) былай деген: «Бір-
де шарап құйылған ыдыстар әкелінді. Убада ибн Са-
мит те сол жерде болатын. Убада ыдыстарды тесіп:
«Біз жас кезімізде де, қартайған шағымызда да сөз
тыңдап, мойынсұнуға, молшылық пен таршылықта
Аллаһ жолында барымызды жұмсауға, жақсылықты
бұйырып, жамандықтан тыюға, ақиқатты ғана айтуға
және дін мәселесінде біреудің орынды сын-ескерт-
песіне құлақ асуға, одан қорытынды шығаруға, егер
Пайғамбарымыз Мәдинаға келсе, өз балаларымызды
қауіп-қатерден қалай қорғасақ, оны да солай қорғауға
оған сөз бердік. Бұл үшін бізге жұмақ уәде етілді. Міне,
Пайғамбарымызға осындай мәселелер бойынша серт
берген едік», – дейді.
Осы хадис туралы Ибн Ысхақтың риуаятында мы-
надай айрықша жайттар кездеседі: «Убада (р.а.) былай
деген: «Пайғамбарымызға молшылықта да, таршылықта
да, қиындықта да, мамыражай уақытта да оны тыңдауға
және мойынсұнуға, басқарушылармен қақтығыспауға,
қайда болса да шындықты айтуға, Аллаһ жолында
202
Бұхари, Сахих 4/1504 (3874)
232
Сахабалар салған сара жол
ешкімнің сынап-мінегенінен қорықпауға соғысқа кетіп
бара жатқан әскерлер тәрізді серт бердік»
203
.
Достарыңызбен бөлісу: |