229
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
кісі. Қазір онсыз да Аллаһтың қамқорлығында, Соның
қолдауымен, қауымы мен туыстарының арасында жүр.
Оны өз араларыңа алған жағдайда арабтардың жап-
пай сендерге оқ жаудыратынын біліп қойыңдар. Егер
бұған да көніп, Аллаһ жолында соғысуды көздесеңдер,
осы жолда балаларың мен мал-мүліктеріңді пида
етесіңдер, онда оны өз жеріңе шақырып, бауырларыңа
басыңдар. Анығында, Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
–
Аллаһтың расулы. Масқара боламыз деп ойласаңдар,
бұл істен қазірден бас тартыңдар», – дейді. Олар: «Біз
Аллаһ пен расулының бізге тапсыратын барлық мін-
детін сол қалпында қабылдаймыз. Уа, Расулаллаһ, біз-
ден қалаған барлық нәрсеңді осы жолда қуана-қуана
жұмсайтынымызға уәде береміз. Әбул-Хайсәм, сен бы-
лай тұр, біз Аллаһ расулына серт берейік», – дейді.
Әбул-Хайсәм (р.а.) айтады: «Ең алғаш болып мен
серт бердім. Сосын сол жердегілердің барлығы Аллаһ
расулына серт берді»
199
.
Достарыңызбен бөлісу: