Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Аммарды мүшріктердің күштеп күпірлікке



Pdf көрінісі
бет155/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Аммарды мүшріктердің күштеп күпірлікке 

итермелеуі 

Әбу  Убайда  ибн  Мұхаммед  ибн  Аммар  жеткі-

зеді:  «Мүшріктер  Аммарды  (р.а.)  ұстап  алып,  Аллаһ 

расулын  балағаттап,  өздерінің  пұттарына  мақтау  біл-

дірмейінше,  оны  жібермейтіндіктерін  айтады.  Аммар 

Пайғамбарымызға 

(с.а.с.)

  келген  кезде,  екі  әлем  Сар-

дары:  «Жағдайың  қалай?»  –  деп  сұрайды.  «Масқара 

болдым,  уа,  расулаллаһ!  Саған  тіл  тигізіп,  тәңірлерін 

мақтамайынша мені босатпады», – дейді. Аллаһ расулы: 

«Өзің не сезініп тұрсың?» – деді. Аммар: «Жүрегімнің 

иман нұрына бөленгенін сезініп тұрмын», – дейді. Сон-

да Пайғамбарымыз: «Егер келесі жолы сені қыспаққа 

алып, қинаса, осылай істе», – дейді

247


.

245


 әл-Хинди,  Кәнзул-уммал  13/494  (37369);  Ибн  Сағыд,  әт-

Табақатул-кубра 3/177

246

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/59



247

 Әбу Нуайм, Хилия 1/140




269

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

Мұхаммед айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз ебіл-

дебіл жылап келе жатқан Аммармен кездесіп қалады. 

Аллаһ расулы Аммардың көзінің жасын сүртіп тұрып: 

«Кәпірлер  сені  ұстап  тұншықтыру  үшін  суға  батыр-

ды, сен осылай да осылай дедің. Егер тағы да басыңа 

әңгіртаяқ  ойнатып,  қамшы  үйірсе,  сен  тағы  да  сөйт», 

– дейді. 

Амр  ибн  Мәймунның  айтуынша,  мүшріктер  Ам-

мар  ибн  Ясирді  (р.а.)  отқа  қақтап  азаптаған  болатын. 

Пайғамбарымыз  Аммарды  басынан  сипап:  «Ей,  от! 

Ибраһимге қандай салқын болсаң, Аммарға да сондай 

жайлы бол! – дегеннен соң, – сені тура жолдан шыққан 

қауым өлтіреді», – деп кейіген еді

248





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет