Зубәйр ибн Аууамның басынан өткен
қиыншылықтар
Әбул-Әсуәд (р.а.) Зубәйр ибн Аууамның сегіз жа-
сында Исламға кіріп, он сегізге толғанда һижрет ет-
кенін айтады. Көкесі Зубәйрді өндірдей жас болғанына
қарамастан шиге орап, отпен азаптап, Исламнан бас
тартуға мәжбүрлейтін. Алайда Зубәйрді дегеніне
көндіре алмай кетті
239
.
Хафс ибн Халид (р.а.) Мусулдан келген бір қарт
адамның былай дегенін айтады: «Бірде Зубәйр ибн
Аууаммен бірге сапарға шықтық. Иен далада ол жүніп
болып қалады. Жуынып жатқанда, көзім еріксіз денесі-
не түсіп кетті. Жалаңаш тәні жарақат ізінен көрінбейді.
«Уаллаһи, мұншалықты көп тыртықты ешқашан
көрген емеспін» дедім. Ол «Аллаһқа ант етемін, осы
жарақаттың барлығын Пайғамбарымыздың
(с.а.с.)
қол
астында шайқасып жүріп алдым» деді.
Тағы бір риуаятта былай делінген: «Көргендердің
айтуынша, тозған киімге түскен жамау секілді Зубәйрдің
денесіндегі қаптаған тыртықтан көз сүрінетін»
240
.
238
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/29
239
Хаким, Мүстәдрәк 3/406 (5547); Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид
9/212 (14833)
240
Әбу Нуайм, Хилия 1/90
265
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
Достарыңызбен бөлісу: |