Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хамзаны шейіт еткен уахшидің мұсылман



Pdf көрінісі
бет18/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   349
хамзаны шейіт еткен уахшидің мұсылман 

болуы

Уахши Хамзаны (р.а.) шейіт еткеннен кейін, Мекке-

ге оралды. Мекке алынғаннан кейін, Таифке қашпақшы 

болды.  Таифтықтардың  да  Исламды  қабылдау  үшін 

Расулаллаһқа бара жатқанын көргенде, барар жер, ба-

сар тауының қалмағанын аңғарады. 

 

Пайғамбарымыз  Уахшиді  Исламға  шақырып,  ха-



бар жібереді. Уахши: «Уа, Расулаллаһ! Мені қалайша 

Исламға шақырасың? Аллаһқа серік қосқандар, Аллаһ 

қадірлі  еткен  жандарды  өлтіргендер,  зинақорлық 

жасағандар күнәларының азабын шегеді. Қияметте, сол 

бір  ұлы  есепке  тартылу  күні  олардың  жазалары  есе-

леніп,  мәңгі  азап  пен  масқаралыққа  тап  болады.  Мен 

осының бәрін жасадым. Менің әлі де мәңгілік азаптан 

құтылар  мүмкіндігім  бар  ма?»  –  дейді.  Осыған  орай, 

Аллаһ  мына  аятты  түсіреді:  «Алайда  кері  қайтып, 

иман келтіргендер, жақсы және дұрыс іс істегендер 

осы айтылғандардан тысқары болады. Аллаһ олардың 

жамандықтарын  жақсылыққа,  күнәларын  сауапқа 

айналдырады.  Өйткені  Аллаһ  кешірімді,  мейірімді» 

(«Фұрқан», 25/70). 

Сонда Уахши: «Әй, Мұхаммед! Иман келтіріп, із-

гілік істеу менің қолымнан келе қояр ма екен? Менің 

бұған көзім жетіңкіремейді», – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз оған мына аятты жібереді: 



«Бір нәрсе ақиқат: Аллаһ өзіне серік қосқанды кешір-

63

  Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 4/137




36

Сахабалар салған сара жол

мейді, одан басқа барлық күнәларды кешіреді» («Ниса», 

4/48).


Уахши: «Уа, Мұхаммед! Бұл туралы сен не дейсің? 

Кешіру  Аллаһтың  еркіне  байланысты.  Мені  кешіре 

ме, кешірмей ме, білмеймін», – дейді. Сонда мына аят 

түседі: «Ей, нәби! Сен мынаны насихатта: «Ей, көп күнә 



істеп, өздеріне қиянат жасауда алдына жан салмаған 

құлдарым! Аллаһтың рақымдылығынан үміт үзбеңдер. 

Аллаһ қаласа, барлық күнәларды кешіреді. Өйткені Ол 

асқан кешірімді әрі тым рақымды» («Зүмәр», 39/53).

Уахши өзі күткен жауабын алған еді. Бірден тәубаға 

келді.  Осыны  білген  кейбіреулер:  «Уа,  Аллаһтың  ел-

шісі! Біз де Уахшидің жасағандарын жасаған едік. Бізді 

де  кешіре  ме?»  –  деп  сұрайды.  Пайғамбарымыз:  «Иә, 

тәубаға  келсеңдер,  барлығыңды  да  кешіреді»,  –  дей-

ді

64





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет