Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың (р.а.) мұсылман болуы



Pdf көрінісі
бет21/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

омардың (р.а.) мұсылман болуы

Омар (р.а.) пайғамбарлық қызметтің бесінші неме-

се алтыншы жылында, жиырма алты жасында Исламды 

67

  Ибн Хишам, Сирә 2/90



68

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/29




39

Аллаһ пен расулына шақыру

қабылдаған болатын. Оның Исламға қалай кіргендігіне 

қатысты әр түрлі хабарлар бар.

Хазірет Омардың құлы Әсләм былай дейді: «Омар 

бізден: «Менің қалай мұсылман болғанымды білгілерің 

келе ме?» – деп сұрады. Біз «Иә» деген соң, ол әңгімесін 

былай бастады:

«Мен Расулаллаһтың өліспей беріспейтін, ымыра-

сыз жауының бірі болатынмын. Бір күні Құрайыштың 

беделді  адамдарымен  бірге  отырғанда,  Әбу  Жәһіл 

«Ей,  Құрайыш  қауымы!  Мұхаммед  тәңірлеріңе  тіл 

тигізді.  Бәрімізді  ақымақ  санап,  ата-бабаларымызды 

жаһаннамдық  деуде.  Кімде-кім  Мұхаммедті  өлтірсе, 

оған 100 түйе және ақша беремін», – деді. Бұны есті-

генде  мен  ойланып  жатпастан,  дереу  қылышым  мен 

садағымды асынып, оны өлтіруге жолға шықтым». 

Омар  (р.а.)  жолда  мұсылман  болған,  бірақ  оны-

сын  жасырып  жүрген  туысы  Нуайм  ибн  Абдуллаһқа 

кезігеді.  Ол  Омардан:  «Ей,  Хаттабтың  ұлы!  Қайда 

барасың?»  –  деп  сұрайды.  Омар:  «Құрайыштың  бір-

лігі  мен  ынтымағын  бұзған,  бізді  жетесіз  деп  атаған, 

дінімізді  қорлап,  тәңірлерімізге  тіл  тигізген  адамның 

көзін біржолата жоюға бара жатырмын», – дейді. Сон-

да Нуайм: «Омар! Сен мынаны біл. Сен тек өз-өзіңді 

алдап  жүрсің.  Сен  Мұхаммедті  өлтірсең,  Адый  ибн 

Кағыбұлдары (Расулаллаһтың тегі) сені жер бастырып 

қояды деп ойлайсың ба? Мен саған мынаны айтайын. 

Өз  отбасың  мен  күйеу  балаңның  жанұясы  әлдеқашан 

мұсылман болды ғой», – дейді. Омар (р.а.) кілт тоқтап: 

«Олар кімдер?» – деп сұрайды. «Күйеу балаң, немере 

інің  Саид  ибн  Омар  және  қарындасың  Фатима  бинт 

әл-Хаттаб», – дейді. Омардың пайғамбарға зияны тиіп 

кетпесін  деп,  алған  бетінен  қайтару  үшін  Нуаймның 



40

Сахабалар салған сара жол

осылай істеуіне тура келді. Омар (р.а.) мұны ести сала, 

салып-ұрып қарындасының үйіне тартады. Сахаба Хаб-

баб  ибн  Әрәт  (р.а.)  бұл  кезде  Омардың  қарындасына 

«Таһа»  сүресін  үйретіп  жатқан  болатын.  Омар  есікті 

қаққанда, қарындасы ағасының мына жүрісінен секем 

алып, дереу Құран парақтарын жасырады. Ал Хаббаб 

үйдің  бір  қалтарысына  тығылады.  Омар  (р.а.)  үйге 

жақындаған кезде, Хаббабтың оларға бірдемені дауыс-

тап оқып жатқанын естіп қалған болатын. Үйге кірген 

бетте: «Жаңағы құлағыма шалынғандар не сөздер?» – 

деп  сұрайды.  Олар  тек  өзара  сөйлесіп  отырғанын  ай-

тады. Алайда, Омар (р.а.) бұл сөзге сенбейді. «Менің 

естуімше,  Мұхаммедтің  дініне  кіріпсіңдер»,  –  деп 

күйеу баласы Саидқа ұмтылады. Араға түспек болған 

қарындасын қолымен қағып, қалпақтай ұшырады. Сол 

кезде  қарындасы  мен  күйеу  баласы:  «Иә,  мұсылман 

болдық. Аллаһ пен расулына сендік. Ал не істемексің?!», 

– деп шындықты жайып салады. 

Омар  қарындасының  әлгі  соққыдан  алған  жара-

сынан аққан қанды көріп, істеген ісіне өкініп, кері ше-

гінеді.  Қарындасына:  «Жаңағы  оқыған  нәрселеріңді 

әкел. Мұхаммедтің не дегенін көрейін», – дейді. Омар 

хат танитын сауатты болатын. Қарындасы: «Сен оған 

зиян келтіре ме деп қорқамыз», – дейді. Хазірет Омар 

жазуды  оқып  болған  соң,  қайтаратынына  уәде  бе-

реді.  Қарындасы  Омардың  (р.а.)  ықыласын  байқап, 

мұсылман  боп  қалар  деген  ниетпен:  «Ағатайым!  Сен 

әлі мүшріксің. Көктен түскен киелі сөзді дәретсіз (та-

зармай  тұрып)  ұстауға  болмайды»,  –  дейді.  Омар  іле 

бой  дәретін  алып,  Құран  парақтарын  оқуға  кіріседі. 

Сүрені оқымай жатып: «Қандай әсем, ғажап сөздер!» – 

дейді таңғалып. Омардың жұмсарғанын көрген Хаббаб 



41

Аллаһ пен расулына шақыру

та жасырынған жерінен шығып: «Ей, Омар, маған сен. 

Сірә, Аллаһ расулының дұғасы қабыл болған сияқты.

 

Өйткені  кеше  Расулаллаһтың  «Уа,  Раббым!  Исламды 



Хаттабұлы Омармен немесе Әбул Хакам ибн Хишам-

мен күшейте гөр!» деп Аллаһқа жалбарынғанын есті-

ген едім

69

. Уа, Құдірет, тағдырдың жазғанын қара!» – 



деп таң-тамаша қалады. 

Басқа  бір  риуаятта  Хаббаб  жоғарыдағы  сөзді 

айтқанда, Омар өзін Расулаллаһқа (с.а.с.) ертіп апаруын 

өтініп, мұсылмандықты қабылдайтындығына уәде бе-

реді.  Пайғамбарымыз  бір  топ  сахабаларымен  бірге 

Сафа төбесіне жақын бір үйде отырған болатын. Омар 

ешқайда бұрылмастан, пайғамбарға барады. Омардың 

қару асынып кіріп келгенін көрген сахабалар үрейленіп 

қалады. Сол жерде отырған Хамза (р.а.): «Кіргізіңдер. 

Егер жақсы ниетпен келген болса, жөні басқа, ал жаман 

ниетпен келсе, өз қылышымен өзін өлтіреміз», – дей-

ді. Расулаллаһ: «Есікті ашыңдар. Бәлкім, Аллаһ тағала 

Омарды тура жолға салып қалар», – дейді.

Екі сахаба Омарды қолтықтап ұстап ішке кіргізеді. 

Пайғамбарлар сәруәрі (с.а.с.): «Босатыңдар оны», – деп, 

Омардың  шапанынан  ұстап  өзіне  қарай  тартып:  «Ей, 

Омар!  Неге  келдің?  Аллаһтың  сені  де  масқаралайтын 

аяттар түсіргенін көргім келмейді», – дейді. Омар: «Ей, 

Аллаһтың  елшісі!  Иман  келтіріп,  кәлима  айтуға  кел-

дім.  Аллаһтан  басқа  тәңір  жоқ,  Мұхаммед  Аллаһтың 

құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін», – дейді. Бұны 

естігенде  Расулаллаһ:  «Аллаһу  әкбар!»  –  деп  тәкбір 

айтады.  Омардың  (р.а.)  мұсылман  болғанына  қуанған 

сахабалардың барлығы жаппай тәкбір айтады. Олардың 

69

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/80




42

Сахабалар салған сара жол

тәкбір айтқан дауысы сонау алыстағы Мекке көшелеріне 

естіліп жатты

70





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет