312
Сахабалар салған сара жол
«Қасыңдағың кім?» деп сұрағандарға Әбу Бәкір «Жол-
басшым. Маған жол көрсетіп келеді», – деп жауап бере-
тін. Негізінде Әбу Бәкір (р.а.) ақиқаттан алыс кетпеген
еді, оның астарлап айтқаны – Пайғамбарымыздың хақ
жолды көрсететін тұлға екенін меңзеген болатын. Алай-
да, жолай кезіккендер оның сөзін тура мағынасында
ұқты.
Жол бойындағы Құдайд деп аталатын егістік тана-
бында оларды байқап қалған бір адам Мүдлижұлдарына
жерден жеті қоян тапқандай жүгіріп барып: «Бейсауыт
жүрген екі жолаушыны көрдім, Құрайыштардың жер-
көкті шарлап іздеп жүрген адамдары болса керек», –
деп хабарлайды.
Сурақа ибн Мәлік те оның күдігін теріске шығармай
«Біздің іздеп жүргеніміз сен көрген сол екі адам болса
керек», – деп, олардың ізіне түседі
310
.
Достарыңызбен бөлісу: