Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сахабалар мен нәжашидің арасында



Pdf көрінісі
бет197/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Сахабалар мен нәжашидің арасында 

болған әңгіме

Мұсылмандар  Нәжашидің  алдына  келгенде,  оған 

бас  иіп,  тағзым  етпей-ақ  мұсылманша  сәлем  береді. 

Нәжаши: «Ей, жамағат, неге өз қауымдарыңнан келген 

басқа адамдар секілді сәлем беріп сәжде етпедіңдер? Иса 

пайғамбар туралы не айтасыңдар? Сендер ұстанған дін 

қандай дін? Әлде христиансыңдар ма?» – деп сұрады. 

Олар: «Жоқ», – деп жауап берді. «Яһудисіңдер ме?» – 

дегенде, тағы да «Жоқ» деп жауап берді. «Онда қандай 

дін ұстанасыңдар?» – дегенде, мұсылмандар: «Дініміз – 

Ислам», – деп жауап берді. Нәжаши: «Ислам діні қандай 

дін?»  –  деп  сұрайды.  Мұсылмандар:  «Біз  Аллаһқа 

ғибадат  етіп,  Оған  еш  нәрсені  серік  қоспаймыз»,  – 

деді. Нәжәши: «Бұл дінді сендерге кім әкелді?» – деп 




325

Һижрет

сұрайды. Мұсылмандар: «Бұл дінді арамыздағы бір кісі 

әкелді. Біз өзін де, ата тегін де жақсы білеміз», – деп 

жауап берді. 

Одан  әрі  мұсылмандар:  «Аллаһ  бізден  бұрынғы 

қауымдарға  пайғамбарлар  жібергені  секілді  оны  да 

бізге  пайғамбар  етіп  жіберді.  Ол  бізге  жақсылық  жа-

сауды,  садақа  беруді,  уәдеге  берік  болуды,  аманатқа 

қиянат  жасамауды  бұйырды,  пұтқа  табынуға  тыйым 

салды.  Жалғыз,  теңдесі  жоқ  Аллаһқа  құлшылық  жа-

сауды  бұйырды.  Біз  оны  растап,  Аллаһтың  сөздерін 

үйрендік, әкелгендері Аллаһтан екеніне шын жүректен 

сендік. Біз осы айтылғандарды өмірімізде жүзеге асы-

ра  бастағанымызда,  өз  қауымымыз  Пайғамбарымыз 

бен  бізге  қарсы  шығып,  зорлық-зомбылық  көрсетті. 

Сөздерін  өтірікке  балап,  өзін  өлтірмек  болды,  бізді 

пұттарға  табынуға  күштеп  бақты.  Біз  өз  өміріміз  бен 

дінімізді сақтап қалу үшін, өз жерімізден кетуге мәжбүр 

болдық», – дейді.

Мұны  естіген  Нәжаши:  «Уаллаһи,  сендер  айтып 

тұрған  мына  дін  Мұсаның  айтқандарына  өте  ұқсас 

екен», – дегенде, Жағфар 

(р.а.):

 «Сәлем беру мәселесіне 

келсек, Пайғамбарымыз бізге жұмақ халқының сәлемі 

«әс-сәләм»  болатынын  айтты,  бізге  осылай  сәлем  бе-

руді бұйырды. Сондықтан да біз саған осылайша сәлем 

бердік. Мәриямұлы Исаға келетін болсақ, ол Аллаһтың 

құлы  және  елшісі,    –  Хақ  тағаланың  Мәриямға  тарту 

еткен «сөзі»

320

 ,ар-намысы пәк, абыройлы Мәриямның 



ұлы»  деді.  Сонда  Нәжаши:  «Мәриямұлы  Исаның 

айтқандары  мына  адамның  айтқандарына  ұқсайды 

320

 Сөзі  –  яғни  Аллаһ  тағаланың  «Бол!»  деген  әмірімен  пайда 



болған.


326

Сахабалар салған сара жол

екен»,  –  деді.  Нәжаши  осылай  дегенде,  қасындағы 

хабаштық көсемдер: «Уаллаһи, халық мына сөзіңді есті-

се, сені тақтан тайдырады», – дейді. Нәжаши: «Аллаһқа 

ант  етемін,  Иса  (а.с.)  туралы  бұдан  артық  нәрсе  айта 

алмаймын. Хақ тағала мына патшалықты маған берер-

де, мен туралы халықтың пікірін тыңдаған жоқ қой, 

мен Аллаһтың діні турасында халықтың дегеніне неге 

бағынуым керек? Құдай мені мұндайдан сақтасын» де-

ді.


321

Имам  Ахмәдтің  Пайғамбарымыздың  әйелі  Үммі 

Сәләмадан  алған  басқа  бір  риуаятында  былай  делін-

ген:  «Нәжаши  сахабаларды  шақыруға  адам  жіберді. 

Нәжашидің  елшісі  барып  хабар  айтқан  соң  сахабалар 

дереу  жиналып,  Нәжашиге  барады.  Иса  (а.с.)  туралы 

Нәжаши сұрай қалса, не дейтінін алдын-ала ақылдасып: 

«Уаллаһи,  бар  білетінімізді  айтамыз.  Пайғамбарымыз 

бізге бұл мәселеде не бұйырған болса, біз соны айта-

мыз» дейді.

Нәжашидің  алдына  келгенде,  христиан  білгірлері 

алдарына кітаптарын ашып қойып, Нәжашидің қасында 

сахабаларды  күтіп  отыр  екен.  Нәжаши  сахабалардан: 

«Ел-жұрттан  безуге  дейін  апарған  бұл  діннің  ерек-

шелігі  неде?  Сендер  менің  дінімді  де,  басқа  діндерді 

де қабылдамапсыңдар, солай ма?» – деп сұрады. Сонда 

Жағфар: «Ей, патша! Біз сауатсыз, жабайы қауым едік. 

Пұттарға  табынып,  өлексе  жейтінбіз,  адамгершілікке 

жат  әдеттерге  бой  алдырған  ел  едік.  Туыстарымыз-

бен  байланысты  үзіп,  көршіге  қиянат  жасайтынбыз. 

Күштілер әлсіздерге зорлық-зомбылық көрсететін. Со-

дан Хақ тағала бізге тегі белгілі, турашыл, сенімді және 

321

 Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 1/201 (1740)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет