Мұһажырлардың Мәдинаға қайтуы,
нәжашидің исламды қабылдауы
Жағфар ибн Әбу Тәліп
(р.а.)
риуаятын ары
жалғастырып былай дейді: «Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
Мәдинаға һижрет етіп, сол жерде қауіпсіз бейбіт
өмірге қол жеткізіп қана қоймай, өзінің ықпалын
күшейткеннен кейін, біз Нәжашиге: «Аллаһ расулы
жеңіске жетті, Мәдинаға һижрет етті, дұшпандарын
тізе бүктірді. Оның жанына қайта оралғымыз келеді,
бізді елімізге жібер», – дедік. Ол біздің ат-көлігіміз
бен жол азығымызды дайындатып, маған: «Сендерге
қалай қарағанымды пайғамбарларыңа айта барыңдар.
Қатарыңа елшімді қосып жіберемін. Куәлік етемін,
Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол – Аллаһтың расулы. Одан
мен үшін дұға етуін сұраңдар», – деді.
Хабашстаннан шығып, Мәдинаға тарттық.
Мені Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
күтіп алып, құшақтап:
«Хайбардың жеңісіне қуанайын ба, әлде Жағфардың
келгеніне қуанайын ба?» – деп қуанышын жасыра ал-
мады. Біздің Мәдинаға баруымыз Хайбар жеңісімен
тұспа-тұс келген еді. Сосын Аллаһ расулы тізе
бүкті. Нәжашидің бізбен бірге келген елшісі: «Мына
Жағфардан патшамыздың оларға қалай қарағанын
сұра», – деді. Жағфар: «Иә, бізге мынадай да мынадай
жақсылық істеді. Кетерде бізге азық пен көлік берді.
Аллаһтан басқа илаһ жоқ екеніне, сіздің Аллаһ расу-
лы екендігіңізге куәлік етті», – деп болған жағдайдың
бәрін баяндайды. «Сізден өзіне Аллаһтан кешірім
сұрап, дұға етуіңізді өтінді», – дейді. Сонда Аллаһ ра-
сулы
(с.а.с.)
орнынан тұрып, дәрет алды да, үш рет «Уа,
Аллаһ тағалам, Нәжашиді кешіре гөр!» – деп дұға етті.
334
Сахабалар салған сара жол
Мұсылмандар бұл дұғаға «Әмин» десті. Сосын ел-
шіні аттандырып тұрып: «Расулаллаһтың дұға еткенін
патшаңа айта бар», – деді».
324
Достарыңызбен бөлісу: |