Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет199/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

330

Сахабалар салған сара жол

бар әкеледі?» деп ақылдасады. Араларындағы ең жасы 

Зубәйр ибн Аууам 

(р.а.)  


бұл тапсырманы өз мойнына ала-

ды.  Сөйтіп,  бір  торсықты  үрлеп,  Зубәйрдің  кеудесіне 

байлайды. Ол өзеннің арғы бетіне, яғни екі топтың қол 

тоқайласқан жеріне дейін жүзіп барды. Біз Нәжашидің 

жауды жеңіп, бұрынғысынша билікте қалуын Аллаһтан 

тілеп  дұға  еттік.  Не  боларын  күтіп  отырғанымызда, 

Зубәйрдің  төбесі  көрінді.  Үсті-басы  малмандай  су. 

Сөйтсе де өзі көңілді, екі езуі екі құлағында. Анадай-

дан  жүгіріп келді де, «Сүйінші! Аллаһтың қалауымен 

Нәжаши жеңді!» – деп айқайлады. Зубәйр ибн Аууамның 

мына қуанышты хабарына біз қатты қуандық. Нәжаши 

жеңіспен қайтып оралды, елінде қайтадан тәртіп орнат-

ты.  Біз  Пайғамбарымыздың  қасына  қайтып  оралғанға 

дейін, Нәжашидің елінде еркін өмір сүрдік»

322

.

Бір  адам  Абдуллаһ  ибн  Мәсғудтан 



(р.а.)

  естігенін 

былай  жеткізеді:  «Пайғамбарымыз  бізді  Нәжашиге 

аттандырғанда,  арамызда  сексен  ер  адам  бар  еді. 

Хабашстанға  һижрет  еткендердің  арасында  Абдуллаһ 

ибн Мәсғуд, Жағфар, Абдуллаһ ибн Урфута, Осман ибн 

Мазғун және Әбу Мұса 

(р.а.)


 деген адамдар да болды. 

Мұһажырлар  Нәжашидің  еліне  барып  паналағаннан 

кейін, Құрайыштар Амр ибн Ас пен Умара ибн Уәлидті 

тарту-таралғысын сайлап, Нәжашиге жіберді. Елшілер 

Нәжашидің алдына барған кезде, оған сәжде жасап, сәлем 

береді. Сосын бірі Нәжашидің оң жағына, екіншісі сол 

жағына өтіп былай дейді: «Ата-бабамыздың әулетінен 

бір топ адам сенің жеріңе келіп паналады. Олар – өз елі-

нен безгендер», – деді. Сонда Нәжаши: «Олар қайда?» – 

322


 Хайсами,  Мәжмәуз-зәуәид,  6/24  (9842);  Ибн  Ысқақ,  Сиәр 

9/144



331

Һижрет

деп сұрайды. «Олар сенің еліңде, дереу хабар жібер», – 

дейді. Патша дереу мұсылман мұһажырларға хабар жі-

беріп, оларды шақыртады. Жағфар 

(р.а.)

 жолдастарына: 



«Бүгін мен сөйлеймін», – дейді. Олар онымен келісіп, 

соңынан  ереді.  Жағфар  патшаның  алдына  келгенде, 

мүшріктер  секілді  тағзым  етпей,  мұсылманша  сәлем 

береді. Сол жердегілер: «Неге патшаға тиісінше құрмет 

көрсетпейсіңдер?»  –  деп  сұрағанда,  Жағфар:  «Біз  тек 

Аллаһқа ғана сәжде жасаймыз», – дейді. Нәжаши мұның 

себебін  сұрағанда,  Жағфар:  «Аллаһ  бізге  пайғамбар 

жіберді, бізге сол пайғамбары арқылы тек өзіне сәжде 

етуімізді, намаз оқуды және зекет беруді бұйырды», – 

дейді.  Амр  дереу  сөзге  араласып,  «Олар  Мәриямұлы 

Иса  туралы  сендерден  басқаша  ойлайды»,  –  дейді. 

Нәжаши:  «Мәриямұлы  Иса  туралы  не  айтасыңдар?» 

–  деп  сұрайды.  Жағфар:  «Аллаһ  тағала  не  бұйырса, 

соған сенеміз. Ол – Аллаһтың ары пәк, абыройлы әйел 

Мәриямға тарту еткен «сөз» және «рух», – деп жауап 

береді. Сонда Нәжаши жерден шыбық алып: «Уа, хабаш 

халқы! Ей, дінбасылар! Уаллаһи, олар Иса туралы біздің 

ойлайтынымыздан өзгеше еш нәрсе айтқан жоқ», – дей-

ді. Сосын мұсылмандарға қарап: «Сендерге және сен-

дерді жіберген адамға сәлем жолдаймын. Куәлік етемін, 

ол,  расында,  Аллаһтың  елшісі.  Біз  Інжілден  оның  си-

паттарын оқып білетінбіз. Мәриямұлы Иса хабарлаған 

пайғамбар  да  сол.  Қалағандарыңша  болыңдар,  мен 

барда ешкім сендерге кет демейді. Уаллаһи, егер мына 

патшалық  міндетім  болмағанда,  қасына  барып,  аяқ 

киімін  әперіп,оған  қызмет  көрсетер  едім»,  –  дейді. 

Сөйтіп Құрайыштардың берген сыйлықтарын өздеріне 

қайтарып беруді бұйырады. 




332

Сахабалар салған сара жол

Абдуллаһ  ибн  Мәсғуд  Хабашстанда  ұзақ  мерзім 

тұрақтай  алмады.  Пайғамбарымыз  Мәдинаға  һижрет 

еткенде, Хабашстанды тастап, Мәдинаға оралды. Кейін 

Бәдір соғысына қатысты»

323


.

Жағфар 


(р.а.)

  айтады:  «Құрайыштар  Амр  ибн  Ас 

пен Умара ибн Уәлидтің ат-көлігіне едәуір сыйлық ар-

тып, оның өзін Әбу Суфиянның атынан Нәжашиге жі-

берді.  Құрайыш  елшілері  патшаға:  «Біздің  қауымның 

кейбір  ақымақтары  сенің  патшалығыңа  бас  сауғалап 

келіп, паналапты. Соларды бізге қайтарып бер», – дей-

ді. Нәжаши: «Жоқ, алдымен олардың қандай уәжі бар 

екенін тыңдауым керек», – деп бізді шақыртты. Біз кел-

генде:  «Мыналардың  талабы  не?»  –  деп  сұрады.  Біз: 

«Бұлар – пұттарға табынатын қауым. Хақ тағала бізге 

бір пайғамбар жіберді. Біз оған иман келтіріп, айтқан 

сөздерін  қабылдадық»,  –  дедік.  Нәжаши  елшілерге: 

«Бұл адамдар сендердің құлдарың ба еді?» – деді. Олар: 

«Жоқ»,  –  деп  жауап  берді.  «Олай  болса,  жөндеріңе 

жүріңдер,  оларға  тиіспеңдер»,  –  деп  Құрайыштардың 

бетін  қайтарып  тастайды.  Сосын  бізге  қарап:  «Сен-

дерді мазалап жүргендер бар ма?» – деп сұрады. «Иә» 

дегенімізде,  дереу  хатшысы  арқылы  «Олардың  жеке 

басының қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, діни сеніміне 

қол сұққан, сондай-ақ өзге мақсатта мазасын алғандар 

төрт  дирхам  айыппұл  төлейді»  деген  әмірін  жалпақ 

жұртына жария етті.  «Қалай, көңілдерің орнына түсті 

ме?» – деп сұрады. Біз қолданылар жазаны әлі де қатайта 

түсуін  айтқанымызда,  ол  айыппұлдың  мөлшерін  екі 

есеге арттырды». 

323

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/69




333

Һижрет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет