341
Һижрет
алайда ниет пен жиһад мәңгі, жиһадқа шақырғанда кел-
мей қалмаңдар», – дейді
333
.
Тауыс айтады: «Біреулер Сафуан ибн Умәйяға
«Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» дегенді айтқанда,
ол Аллаһ расулына барып, мұның себебін сұрап біл-
мейінше, басын жумауға ант ішеді. Түйесіне мініп,
Мәдинаға қарай жолға шығады. Пайғамбарымыздың
мешітінің алдында Пайғамбарымызбен кездесіп: «Уа,
расулаллаһ! «Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» де-
генді естідім. Осының себебін сенен сұрап білмейінше,
басымды жумауға ант іштім», – дейді.
Аллаһ расулы: «Сафуан Ислам туралы естіп, оны
шын көңілден қабылдапты. Мекке жеңісінен кейін
һижрет аяқталды. Бірақ ниет пен жиһад мәңгілік.
Жиһадқа шақырылғанда келіңдер», – дейді
334
.
Ата ибн Әбу Рәбах айтады: «Убәйд ибн Умәйр
әл-Ләйсимен бірге Айшаға
(р.а.)
барып, оған һижретке
қатысты сұрақтар қойғанымызда, Айша анамыз былай
деп жауап берді: «Бұдан былай һижрет жоқ. Бұрын
мүміндер қандайда бір жамандыққа ұшыраймын-ау
деп қауіптенгендіктен, діні үшін Аллаһ пен расулының
разылығына бөленуді үміт етіп һижрет ететін. Ал қазір
Аллаһ Исламның мерейін үстем қылды. Қазір мүміндер
қалаған жерінде Раббысына ғибадат жасай алады, алай-
да ниет пен жиһад мәңгілік сақталып қала бермек», –
деді
335
.
333
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/952 (46312)
334
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/615 (13441)
335
Бұхари, Сахих 4/ 1567 (4058)