Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың қызы Зейнептің



Pdf көрінісі
бет207/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   349
Пайғамбарымыздың қызы Зейнептің 

һижреті

Зейнеп 


(р.а.)

  айтады:  «Һижрет  етуге  дайындалып 

жүрген  кезімде, Утбаның  қызы Хинд  кездесіп қалып: 

«Ей, Мұхаммедтің қызы! Естуімше, сен әкеңнің қасына 

бармақ көрінесің, солай ма?» – деп сұрады. «Жоқ, олай 

емес»,  –  десем  де,  Хинд:  «Сіңлім,  жасырма.  Қандай 

нәрсе керек болса да айт, меселіңді қайтармаймын. Ме-

нен  еш  нәрсе  жасырма.  Ер-азаматтардың  арасындағы 

араздық  әйелдердің  арасына  кірмеуі  керек»,  –  деді. 

Уаллаһи, ол бұл сөзін шын көңілімен айтқан еді. Ал мен 

болсам,  қорқып,  һижретке  дайындалып  жатқанымды 

бәрібір жасырып қалдым». 

Ибн  Ысхақ  айтады:  «Зейнеп  жолға  тас  түйін 

дайындалғаннан  кейін,  қайнысы  Кинана  ибн  Рәби 

оған  бір  түйе  берді.  Зейнеп  түйесіне  мінеді.  Кинана 

садағы мен жебесін сайлап, күндіз Меккеден шығады. 

Құрайыштың  еркектері  ақылдасып,  Зейнептің  соңына 

түседі де, Зитууа деген жерде оларды қуып жетеді. Ал-

дымен, Хәббар ибн Әсуад әл-Фихри қуып жетіп, най-

засымен  Зейнептің  түйесін  түрткілейді.  Түйе  үркіп, 

Зейнепті  құлатып  түсіреді.  Айтуларынша,  ол  кез-

де  Зейнептің  аяғы  ауыр  болған,  қорыққаннан  бала-

сын  түсіріп  алады.  Кинана  тізерлеп,  жебелерін  жерге 

тізіп,  жақындаған  адамды  оққа  байлайтынын  айтып 

ескертеді.  Сонда  ғана  барып  олар  сескеніп  кері  шегі-

336


 Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 4/450


344

Сахабалар салған сара жол

неді.  Сәлден  кейін  Құрайыштық  жамағаттың  ішінен 

Әбу  Суфиянның  «Ау,  батыр!  Оғыңды  таста,  сенімен 

сөйлесейік» деп мәмілеге шақырған даусы естіледі. 

Әбу Суфиян төбесінен төніп: «Мұхаммедтің бізге 

жасағандарын,  басымызға  әкелген  қасіреттерін  көре 

тұра,  тапа-тал  түсте,  елдің  көзінше  Меккеден  оның 

қызын  алып  кетіпсің.  Бұл  қылығыңды  көрген  ел  біз 

туралы не ойлайды. Бізді дәрменсіз бейшара екен де-

мей ме? Әкесі үшін оны жазаға тарту, өш алу бізге жа-

распайды. Бірақ сен әйелді кері қайтар, ел арасындағы 

сыбыс  пен  сыпсың  сөз  басылып,  бәсеңдеп,  ол  әйелді 

қайтара алғанымызға көзі жетіп, сенімге ие болған соң 

жасырын түрде оны алып, әкесіне апарарсың», – дейді. 

Ол айтқанындай жасайды

337


Айша 


(р.а.)

  анамыз  бұл  оқиға  жайлы  былай 

әңгімелейді:  «Расулаллаһ 

(с.а.с.)


  Меккеден  кеткен-

нен  кейін,  қызы  Зейнеп 

(р.а.)

  те  қайнысы  Кинанамен 



бірге  жолға  шығады.  Құрайыштар  оның  ізіне  түседі. 

Хаббар  ибн  Әсуад  оларды  қуып  жетіп,  найзасын 

шошаңдатып  Зейнептің  түйесін  шабынан  түртеді. 

Мөңкіген  түйеден  Зейнеп  аударылып  қалады.  Аяғы 

ауыр Зейнеп ішіндегі баласын түсіріп алып, жаны қатты 

қиналады.  Осы  оқиғаға  байланысты  Хашимұлдары 

мен  Үмәйяұлдарының  арасында  үлкен  дау  туындай-

ды. Үмәйяұлдары: «Зейнеп бізге тиесілі, өйткені ол – 

біздің көкеміздің баласы Әбул-Астың әйелі», – дейді. 

Пайғамбарымыздың  қызы  бұл  кезде  Утбаның  қызы 

Хиндтің жанында болатын. Хинд Зейнепке: «Осы дау-

дамайдың  бәрі  сенің  әкеңнің  кесірінен  туындады», 

–  деп  ренжиді.  Кейін  Аллаһ  расулы  Зейнепті  әкелуге 

337


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/330


345

Һижрет

Харисаның баласы Зәйдті жұмсайды. Зәйдті аттанды-

рып  тұрып  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.):

  «Мына  жүзігімді 

Зейнепке  бер.  Сонда  сені  менің  жібергеніме  сенеді», 

–  дейді.  Зәйд  жолда  мал  жайып  жүрген  бір  шопанға 

кезігеді.  Одан:  «Кімнің  шопанысың?»  –  деп  сұрайды. 

Әбул-Астың  шопаны  екенін  білгеннен  кейін,  «Мына 

мал  кімдікі?»  –  деп  сұрайды.  «Бұлар  Мұхаммедтің 

қызы Зейнептікі», – дейді ол. Олар аяңдап әудем жер 

жүргеннен кейін: «Бері қара, саған бір аманат тапсыр-

сам, ешкімге көрсетпестен, иесінің қолына табыс етесің 

бе?»  –  деп  шопанның  тамырын  басып  көреді.  Шопан 

келіскен соң, Зәйд жүзікті шопанға ұстатады. Ол оны 

Зейнепке  апарып  береді.  Зейнеп  шопаннан  оны  кім 

бергенін, ол адамның қайда екенін сұрап біледі. Зейнеп 

басқа ештеңе айтпастан кешті күтеді. Қараңғы түскен 

соң,  Зәйдке  жолығу  үшін  үйден  шығады.  Зәйд  атқа 

қамшы басуға дайын отыр екен. Зейнеп Зәйд арқылы 

әкесіне аман-есен жетеді. Аллаһ расулы әрдайым «Зей-

неп қыздарымның ең қайырлысы. Ол мен үшін көп азап 

шекті» дегенді аузынан тастамайтын

338






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет