Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет206/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   349
11. ӘйЕлдЕР МЕн бАлАлАРдың 

һиЖРЕТІ

Расулаллаһ пен Әбу бәкір 

отбасыларының  һижреті

Айша 


(р.а.)

 айтады: «Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

 һижрет 


еткен кезде, бізді және қыздарын Меккеде қалдырды. 

Мәдинаға  әбден  орнығып  алғаннан  кейін,  екі  азат 

құлы Зәйд ибн Хариса мен Әбу Рафиді бізге жіберді. 

Мініс көлігін алсын деп, оларға бес жүз дирхам ақша 

ұстатты.  Олар  ақша  мен  екі  түйені  Аллаһ  расулының 

есебінен Әбу Бәкірден алды. Әбу Бәкір 

(р.а.)

 екі немесе 



үш түйемен бірге Абдуллаһ ибн Урайқытты да олардың 

тобына қосып, анам Үммі Румманды, мені және сіңлім 

Әсманы  ала  кетсін  деп,  баласы  Абдуллаһқа  хат  жол-

дады.  Үшеуі  Құдәйд  деген  жерге  жеткенде,  Зәйд  ибн 

Хариса  сол  бес  жүз  дирхамға  үш  түйе  сатып  алады. 

Сөйтіп, Меккеге барар жолда Талха ибн Ұбайдуллаһты 

кездестіреді. Ол да һижрет етуге ниет білдіреді. Оны да 

қастарына қосып алады. 

Зәйд  пен  Әбу  Рафи  Фатима,  Үммі  Гүлсім  және 

Сәуда бинти Зәманы ертіп алды. Сонымен қатар, Зәйд 

Үммі Әймән мен баласы Усаманы да ертіп, Меккеден 

шығады.  Жол  бойы  жұбымыз  жазылған  жоқ.  Бәйда 

деген  жерге  жеткенімізде,  анам  екеуміз  отырған  түйе 

бір нәрседен үркіп, құйын-перен шаба жөнелді. Анам 

қорқып жылай бастады. Түйеміз Хәрша қыратының ете-

гіне жеткенде, бір-ақ тоқтады. Біз Аллаһтың қалауымен 

аман қалдық. Мен қалаға Әбу Бәкірдің отбасымен бірге 

кірдім. Аллаһ расулының үй іші олардың маңынан алыс 

кеткен жоқ. Аллаһ расулы ол кезде мешітінің маңынан 



343

Һижрет

шағын бөлмелер салып жатқан болатын. Отбасын осы 

баспаналарға  орналастырды.  Қаншама  күн  осы  істің 

біткенін күттік

336





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет