Али (р.а.): «Мен қайшылықты жек
көремін»
Хазірет Алидің былай дегендігі туралы айтылады:
«Намаздарыңды осыған дейін қалай оқып келсеңдер,
бұдан былай да солай оқыңдар, мен қайшылыққа
қаным қас. Маған дейінгі жолдастарымның тұсында
халық қалай ынтымақтасып өмір сүрсе, мен өлгенше
де, мұсылмандар бірлік пен ынтымақта болады!»
358
Сүлеймен
ибн
Қайс
әл-Әмири
айтады:
«Харижилердің басшысы Ибн Қаууа Алиден
(р.а.)
«сүннет», «бидғат», «жамағат» және «алауыздық»
деген сөздердің мағынасын сұрайды. Али «Әй, Ибн
Қаууа! Мынаны жақсылап құлағыңа құйып ал: сүннет –
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
жолы. Бидғат – жолдан
шығу деген сөз. Жамағат – үркер жұлдызындай өздері
аз болса да, ақиқатты ту еткен қауым. Ал, алауыздық
болса – өздері көп болса да, жалғанды жақтаған қауым»,
– дейді
359
.
357
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 8/411 (22759)
358
Бұхари, Сахих 3/1359 (3504)
359
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/574 (1644)
363
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
Достарыңызбен бөлісу: |