Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың (р.а.) осы мәселе жөнінде



Pdf көрінісі
бет220/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

омардың (р.а.) осы мәселе жөнінде 

айтқандары

Сәлим ибн Умәйд былай жеткізеді: «Әбу Бәкірге 

бағыну мәселесі туралы сөз қозғалғанда, ансарлардың 

бірі:  «Бір  басшы  бізден,  бір  басшы  мұһажырлардан 

сайлансын»,  –  деген  ұсыныс  тастайды.  Хазірет 

Омар  елдің  жік-жікке  бөлінуіне  апарып  соқтыратын 

бүліктің  басын  қылтитқан  адамға:  «Бір  қынапта  екі 

қылыш бір-бірімен қаржаспай тұрмайды, сол сияқты 

екі басшының бір қызметті бөлісуі де мүмкін емес», – 

деп жауап береді

355



Абдуллаһ ибн Мәсғұдтың осы туралы 



көзқарасы

Абдуллаһ  ибн  Мәсғұд 

(р.а.)

  былай  деген:  «Ей, 



адамдар!  Сендерді  басқарған  басшыға  бағыныңдар, 

жамағаттан бөлінбеңдер, өйткені жамағат – Аллаһтың 

мығым  арқаны.  Аллаһ  сендерге  сол  арқаннан  мықтап 

ұстауды  бұйырған.  Жамағаттың  арасында  жүріп, 

ұнатпаған қандай да бір мінез, әдет сендердің алауыз 

кездеріңдегі көңілдеріңе майдай жаққан нәрселеріңнен 

артық.  Аллаһ  тағалаға  өзі  жаратқан  барлық  нәрсенің 

соңы  немен  аяқталатыны  аян.  Исламның  келеше-

гі  жарқын.  Исламның  өзінің  шарықтау  шыңына 

көтерілетін  күні  алыс  емес.  Қияметке  дейін  бір-

354

 Бәйхақи, Сүнән 8/145 (16327)



355

 Бәйхақи, Сүнән 8/145 (16326)




361

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

де  күшейіп,  бірде  әлсірейді.  Елдің  құлдырауының 

көрінісі – кедейлік пен жоқшылық. Жоқшылық белең 

алып, пақыр адам өзіне көмек беретін жан таппайтын 

қиын күндер туады. Ал, бай бағланы тойымсыз, ашкөз 

келеді.  Кедей–адам  қиналғанын  айтып  бауырына 

қанша  мұң  шаққанымен,  одан  ешбір  қайыр  көрмейді. 

Қайыршы апталап, айлап қол жайып, қайыр сұраса да, 

жарытып  ас  ішпейді.  Азғындық  пен  арсыздық  әбден 

асқынғанда,  жерден  алапат  дауыс  шығады.  Адамдар 

бұл дауыс тек өз аймағынан ғана шықты деп ойлайды. 

Сосын  жерді  Аллаһтың  қалауымен  белгілі  бір  уақыт 

меңіреу  тыныштық  басады.  Осы  тыныштықтан  кейін 

жер қойнауындағылар сыртқа шығарылады».

«Ей, Әбу Абдуррахман, жер қойнауындағылар де-

генде  нені  меңзедің?»  –  деп  сұрағандарға,  Абдуллаһ 

ибн  Мәсғұд:  «Алтын  және  күмісті.  Бірақ  сол  күннен 

бастап  қияметке  дейін  алтын  мен  күмістен  ешқандай 

пайда келмейді»

356


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет