367
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
адаспайсыңдар. Аллаһ Мұхаммедті қалай туралыққа
жеткізген болса, сендерді де солай тура жолдан адас-
тырмайды. Аллаһ тағала істеріңді араларыңдағы ең
қайырлыларың және Аллаһ расулының досы, үңгірдегі
екеудің бірі – Әбу Бәкірге тапсыруды лайық көрді.
Тұрыңдар, тұрыңдар да, оған серт беріңдер!» – деді.
Сөйтіп, халық Әбу Бәкірге серт берді. Бәни Сәида
жерінен кейінгі жаппай серт беру рәсімі осы жерде
жүзеге асты. Серт беру рәсімі орындалған соң, Әбу
Бәкір орнынан тұрып, Аллаһқа мадақ айтып, шүкіршілік
еткен соң халыққа:
«Ей, адамдар! Араларыңдағы ең ізгілерің мен бол-
масам да, сендерге басшы болып сайландым. Егер де
игі істерге мұрындық болсам, маған көмектесіп, қолдау
көрсетіңдер, жаман әрекеттерге ыңғай білдірсем,
маған тура жолды көрсетіңдер. Туралық – аманат, ал
жалғандық болса – қиянат. Сендердің араларыңдағы
әлсіздер менің қасымда күшті, оның ақысын күштіден
алып беремін. Күштілерің одан басқаның ақысын
алып бергенге дейін менің алдымда әлсіз. Жиһадты
тастамаңдар. Өйткені Аллаһ жиһадты ұмытқан қауымды
төмендетіп қор қылады. Сүттей ұйыған бір елдің арасын-
да зинақорлық кең тараса, Аллаһ сол қауымға тегіс апат
жібереді. Аллаһ пен расулына мойынсұнған кезімде,
маған мойынсұныңдар. Аллаһ пен расулына қарсы ке-
летіндей әрекетке барсам, маған ағат басқан қадамымды
көрсетіңдер. Егер мен сендердің ескертпелеріңе құлақ
аспасам, маған бағынбаңдар. Қане, намазға тұрыңдар.
Аллаһ сендерді мейіріміне бөлесін»,
363
– деді .
363
Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/248