3. САхАбАлАРдың хАлиФА ЕТІП
Әбу бӘКІРдІ САйлАуы ЖӘнЕ
КЕлІСПЕушІлІККЕ Жол бЕРМЕуІ
Әбу убайданың Әбу бәкірдің халифалығы
туралы айтқаны
Әбу Бәкір (р.а.) Әбу Убәйдаға: «Кел, халифалыққа
сені тағайындайын. Өйткені мен расулаллаһтың «Әр
үмбеттің бір сенімді адамы болады. Әй, Убәйда, бұл
үмбеттің сенімді адамы – сенсің» дегенін естіген едім»,
– деп хабар жібереді. Әбу Убәйда болса, «Расулаллаһтың
бізге имам етіп намаз оқытуды бұйырған адамының ал-
дына ешқашан шықпаймын», – деп жауап береді
365
.
османның (р.а.) көзқарасы
Хумран Осман ибн Аффанның
(р.а.)
былай де-
генін риуаят етеді: «Әбу Бәкір –халифалыққа ең лайық
адам. Өйткені ол – шыншыл, әділ адам, ол үңгірдегі екі
адамның бірі, Аллаһ расулының һижрет еткен кездегі
жолдасы»
366
.
Достарыңызбен бөлісу: |