Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


бәну Сәида жерінде берілген серт туралы



Pdf көрінісі
бет226/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

бәну Сәида жерінде берілген серт туралы 

басқа бір риуаят

Омар 


(р.а.)

  айтады:  «Халық  Пайғамбарымыздың 

қазасынан    кейін  сең  соққан  балықтай  есін  жия  ал-

май  жатқанда,  бізге  «Ансарлар  Сәидаұлдары  жері-

не  жиналып,  Сағыд  ибн  Убадаға  серт  беруде»  деген 

хабар  жетті.  Мұны  естіген  мен,  Әбу  Бәкір  және  Әбу 

Убәйда ибн Жәррах – үшеуміз Бәни Сәидаға тарттық. 

Мұсылмандардың  арасында  бүлік  шыға  ма  деп 

уайымдадық. Жолда ансарлардан Уәйм ибн Сәида мен 

Мағын ибн Адыйді кездестірдік. Екеуі де адамгершілігі 

зор  адамдар  болатын.  Бізден:  «Қайда  барасыңдар?»  – 

деп сұрады. «Сендердің қауымдарыңа бара жатырмыз, 

солар  туралы  бір  хабар  естіген  едік»,  –  дедік.  Олар: 

«Кері қайтыңдар. Олардың сендерге қарсы әрекет жа-

сауы  мүмкін  емес,  сендерге  ұнамайтын  іске  бармай-

ды», – деді.

Біз сапарымызды ары жалғастырдық. Мен сол жер-

де не айтатынымды ойша жұптап алдым. Біз келгенде, 

ансарлар науқастанып, төсек тартып жатқан Сағыд ибн 

Убаданың қасына жиналып отыр екен.  Ансарлар бізге: 

«Ей, Құрайыш жамағаты! Бір әмір бізден, бір әмір сен-

дерден сайлансын», – деп ұсыныс айтты. 

Хубаб   ибн  Мүнзир: «Мен түйелер қасынып рахат-

танатын  құрма діңгегі сияқтымын. Яғни, кім жанына 

дерт батса, сол маған келеді, олардың мәселесін шешіп 

беремін. Уаллаһи, ей әустықтар, қаласаңдар, арамыздағы 

осынау түсінбестікті мәмілемен, көнбесеңдер, күшпен 

шешейік», – деп қалды.   

Әбу  Бәкір:  «Басылыңдар,  асықпаңдар!»  –  деді. 

Мен  сөйлемекші  болып  едім,  Әбу  Бәкір:  «Омар,  ты-

ныш тұр», – деді де, Аллаһқа мақтау айтып, сөзін бы-



369

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

лай  жалғастырды:  «Уа,  ансар  жамағаты!  Уаллаһи,  біз 

сендердің жасаған жақсылықтарыңды, діндегі жоғарғы 

дәрежелеріңді,  біздегі  ақыларыңды  теріске  шығара 

алмаймыз.  Алайда,  сендер  де  араб  тайпаларының 

ішінде  Құрайыштың  орнын  ешкім  баса  алмайтынын 

жақсы  білесіңдер  және  арабтар  тек  Құрайыш  тайпа-

сынан  шыққан  адамның  айналасына  ғана  жинала-

ды.  Біз  әміршіміз,  сендер  көмекші  уәзірімізсіңдер. 

Аллаһтан  қорқыңдар,  Исламды  бөлмеңдер,  Ислам-

да  бүлік  шығарған  алғашқы  қауым  ретінде  тарих-

та  қалмағандарыңды  қалаймын.  Мені  жақсылап 

тыңдаңдар. Мен мына екі адамның біріне (Әбу Убәйда 

ибн  Жәррах  пен  Омар  ибн  Хаттабты  нұсқап)  серт 

бергендеріңді  қалаймын.  Олардың  қайсысына  серт 

берсеңдер де, өздерің біліңдер, олардың екеуі де сенімді 

әрі осы қызметке лайық».

Әбу  Бәкір  сол  күні  (соңғы  айтқан  ойынан  бөлек) 

менің айтқым келген нәрселердің барлығын тілге тиек 

еткен еді. Аллаһқа ант етемін, екі мәрте нақақ өлтіріліп, 

қайта  тірілтілсем  де,  мен  үшін  Әбу  Бәкірдің  тірі 

тұрғаны ел басқарудан мың есе артық еді. «Уа, ансар 

жамағаты!  Уа,  мұсылман  қауымы!  Аллаһ  расулының 

ісіне  расулаллаһтан  кейін  ең  лайық  адам  –  һижрет 

кезінде  үңгірде  онымен  бірге  болған,  араларыңдағы 

ең  қайырлы  және  ең  жасы  үлкендерің  Әбу  Бәкір»,  – 

деп  оның  қолынан  ұстауға  оқталғанымда,  ансардан 

Бәшир  ибн  Сағыд  шапшаң  қимылдап,  менен  бұрын 

Әбу Бәкірдің қолын алып, серт берді. Басқалар да бірі-

нен кейін бірі серт бере бастады. Осылайша ансарлар 

Сағыд ибн Убәданы сайлаудан бас тартты»

364


.

364


 Ибн Кәсир, Сирә 4/486


370

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет