6. хАлиФАлыҚҚА үМІТКЕР
ТұлғАлАРдың ЕРЕКшЕлІКТЕРІ
Әбу бәкірдің осы туралы көзқарасы
Асым айтады: «Әбу Бәкір
(р.а.)
науқастанып
жатқанда, халықты жинап, өзін мінберге шығаруды
бұйырды. Бұл Әбу Бәкірдің соңғы құтбасы болатын.
Аллаһқа мадақ айтқаннан кейін ол былай деді:
«Уа, халайық! Дүниенің қызылына қызығып, ал-
данып қалмаңдар. Ақыретті дүниеден артық қойыңдар.
Оның бірін жақын тартсаң, екіншісінен алшақтайсың.
Мына халифалық мәселесі әуел бастан лайық кісіге
берілмесе, кейін қателіктерді түзеу тым қиынға соғады.
Сондықтан да халифалықты ең күшті, нәпсінің жетегі-
не ермейтін, қаталдық қажет жерде қатал, жұмсақтық
танытылатын жерде жұмсақ бола білетін, басқалардың
пікірімен санасатын, өзіне қатысы жоқ нәрселермен ай-
налыспайтын, білмегенін үйренуден қымсынбайтын,
кездейсоқ оқиғалар туындағанда әбігерленіп, сарсаңға
түспейтін, қоғамның мал-мүлкін көздің қарашығындай
қорғайтын, болашақты парасаттылығымен болжай
білетін, мұқияттылық пен Аллаһқа мойынсұнуды ту ет-
кен адамға тапсырыңдар. Ал бұған нағыз лайық Омар
деп білемін»
380
.
379
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 3/339
380
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/879 (14183)
386
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |