Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Мәдина құрмасы



Pdf көрінісі
бет246/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың Мәдина құрмасы 

туралы Сағыд ибн убада мен Сағыд ибн 

Муазбен кеңесуі

Зүхри  айтады:  «Хандақ  шайқасында  халық  қор-

шауға алынып, қатты қиындыққа тап болғанда, Аллаһ 

елшісі  Гатафан  тайпасының  бетке  тұтарлары  Уяйнә 

ибн Хысн мен Харис ибн Ауф әл-Мүрриге хабар жі-

беріп,  мұсылмандармен  соғысудан  бас  тартуын,  бас 

тартқан жағдайда оларға Мәдина құрмасының үштен 

бірін  беруді  ұсынады.  Сөйтіп,  Аллаһ  расулы  мен 

қарсы  шеп  өзара  келісімшарт  жасасады.  Бұл  келісім 

жазбаша  түрде  де  рәсімделеді.  Алайда,  құжатқа 

қол  қойылмай  тұрып,  расулаллаһ  Сағыд  ибн  Муаз 

389


 Мүслим, Сахих 3/1383 (1763)


393

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

бен  Сағыд  ибн  Убадаға  хабар  жіберіп,  олардың  бұл 

мәселе  турасындағы  пікірлерін  сұрайды.  Екі  саха-

ба  да:  «Уа,  расулаллаһ,  істің  осылайша  өріс  алғаны 

өз  қалауыңыз  ба,  әлде  бұл  бағынуымыз  керек  илаһи 

бұйрық па? Жоқ әлде, біздің пайдамыз үшін жасаған 

келісімшарт па?» – деп мәселенің ара-жігін ажыратып 

алғысы келеді. Аллаһ расулы: «Жоқ, мұндай қадамға 

сендердің  игіліктерің  үшін  барып  отырмын,  өйткені 

араб  тайпалары  сендерге  қарсы  бірігіп,  жан-жақтан 

қыспаққа алмақшы. Мен уақытша болса да, олардың 

бетін қайтаруды көздедім», – дейді. Сағыд ибн Муаз 

(р.а.):

 «Уа, расулаллаһ! Аллаһқа серік қосып, пұттарға 

табынып жүрген кезімізде, олар біздің бір құрмамызға 

да  тиісе  алмайтын.  Аллаһ  бізді  тура  жолға  салып, 

Исламға  кірген  кезімізде,  өз  мүлкімізді  оларға  беріп 

қойып,  қарап  отыруымыз  керек  пе  сонда?  Мұндай 

келісімшарттың  бізге  қажеті  жоқ.  Аллаһ  олар  мен 

біздің арамызды бір жақты қылмайынша, қаруымызға 

серт, тұрысатын жерін айтсын», – дейді. 

Аллаһ расулы: «Өзің біл», – деп келісімін береді. 

Сөйтіп,  Сағыд    ибн    Муаз  келісімшарттың  мәтінін 

өшіріп  тастайды  да,  «Қолынан  келгендерін  істесін, 

әуселесін көрейік!» – дейді

390


.

Хазірет Омар 

(р.а.)

 былай деген: 



«Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

мені


 

ертіп, 


түн  баласы  Әбу  Бәкірдің 

(р.а.) 


үйіне  баратынбыз. 

Үшеуміз  отырып,  мұсылмандардың  мәселелерін  тал-

қылайтынбыз».

391


390

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/105

391

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 7/364 (18670)




394

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет