Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мемлекет иелігінде болғанымен, иен



Pdf көрінісі
бет248/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Мемлекет иелігінде болғанымен, иен 

жатқан жер туралы Әбу бәкір мен омар 

арасында болған әңгіме

Абида айтады: Уяйна ибн Хысн мен Ақра ибн Хабис 

– екеуі бірге Әбу Бәкірге былайша қолқа салады: «Уа, 

Аллаһ  расулының  халифасы!  Біздің  қарауымыздағы 

жермен шектесетін, ұлтарақтай бос жерді бізге берсеңіз, 

жерді жыртып, егін ексек деп едік», – дейді. 

Әбу  Бәкір  олардың  сұрағанын  беріп,  жазбаша 

құжатын да рәсімдейді. Алайда, олардан Омардың да 

келісімін  (қолын)  алуды  сұрайды.  Жер  сұрап  келген 

екеуі құжатқа қол қойдыру үшін, Омарды іздеп тауып 

алады. Омар құжатта не айтылғанын білгеннен кейін, 

қағазды жыртып тастайды. Уяйна мен Ақра оның бұл 

бас-көз жоқ әрекетіне ашуланып, Омарға тіл тигізеді. 

Олар күйіп-пісті екен деп асып-сасқан Омар жоқ.

392

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/849 (14105)




395

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

«Пайғамбарымыз  Ислам  әлі  әлсіз  кездерде  біраз 

жеңілдіктер жасап, сендерді Исламға тартуға ынталан-

дыратын. Алайда, қазір Аллаһ Исламды қуаттандырды. 

Ендігі жерде маған қарсы кімге жүгінем десеңдер де, 

жүгініңдер!  Егер  осы  үшін  маған  қырын  қарасаңдар, 

Аллаһ  та  сендерге  оң  көзбен  қарамасын!»  –  дейді. 

Әлгі екі адам ашуланып, Әбу Бәкірге барып «Уаллаһи, 

түсінбедік,  халифа  сенсің  бе,  әлде  Омар  ма?»  –  деп 

реніш білдіреді. Әбу Бәкір: «Халифа – сол. Ол қаласа, 

сендердің  істеріңді  мақұлдар  еді»,  –  дейді.  Сол  кезде 

Омар ашумен Әбу Бәкірге келіп, төбесінен төніп тұрып: 

«Айтшы қане, мына екі адамға бөліп берген жер сенің 

жеке мүлкің бе, әлде мұсылмандардың ортақ жері ме?» 

–  деп  сұрайды.  Әбу  Бәкір:  «Барша  мұсылмандардың 

ортақ мүлкі» – деп жауап береді. Сонда Омар ол жер-

ді мұсылман жамағатқа емес, неге осы екі адамға бер-

генін сұрағанда, Әбу Бәкір: «Сол кезде қасымда болған 

мына-мына адамдармен ақылдастым, олар маған осы-

лай ұсыныс жасады», – дейді. Омар: «Жаныңдағы сол 

жамағатпен ақылдасу арқылы барлық мұсылмандармен 

ақылдасып,  олардың  келісімін  алдым  деп  ойлайсың 

ба?» – дейді. Әбу Бәкір: «Мен саған «Халифалыққа ме-

нен  сен  лайықсың»  деген  едім  алайда,  мені  көндіріп, 

халифалықты маған жүктеген өзің болатынсың», – деп 

жауап береді

393





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет