халифаның Мәдинадан кеткісі келген
сахабаларға тыйым салуы
Шағби айтады: Хазірет Омардың (р.а.) кезін-
де Құрайыштар Мәдинаға еріксіз байланып қалады.
Өйткені, Омар (р.а.) өле-өлгенше Құрайыштарға
барлық жағдайды жасап, Мәдинадан басқа жаққа қоныс
аударуына тыйым салған болатын, әрі «Бұл үмбет
үшін ең қорқатыным – жат елдерге тарыдай шашырап
кетулерің» дейтін.
Мәдинада тұруға мәжбүр болған Құрайыш
мұһажырларының бірі жорыққа шығуға рұқсат
сұрайды.Сонда Омар
(р.а.)
«Пайғамбарымызбен
(саллаллаһу
аләйһи уә сәллам)
бірге қатысқан жорықтар саған жеткілікті
емес пе? Ендігі жорықтар сен үшін ел мен жер көруден
басқа ешқандай да пайда бермейді», – деген еді.
Осман
(р.а.)
халифа болғаннан кейін, Құрайыш
мұһажырларына еркіндік берді. Олар төрткүл дүниеге
тарайды. Бара-бара олардың айналасына адамдар топ-
тасып, әрбіреуі бір қауым елге айналады. Бұл хадистің
риуаятшыларынан Мұхаммед пен Талха
(р.а.)
: «Ис-
лам үмбеті арасындағы алғашқы осалдық Құрайыш
мұһажырларының еркіне жіберілуі еді», – дейді
386
.
Қайс ибн Әбу Хазм айтады: «Зубәйр
(р.а.)
Омарға
(р.а.)
барып жорыққа қатысуға рұқсат сұрайды. Омар:
«Үйіңде отыр, сен Аллаһ расулымен бірге соғысқа
қатыстың, соғыстың, сол саған жетеді», – дейді. Зубәйр
(р.а.)
бір емес, бірнеше рет рұқсат сұрайды. Алайда,
Омар
(р.а.):
«Үйіңде отыр! Аллаһқа ант етемін, сенің
және сенің адамдарыңның Мәдинаның сыртына
386
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 14/63 (37978)
391
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
шығуы Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
үмбетінің ба-
сына нәубет алып келеді», – дейтін шегелей сөйлеп»
387
.
Достарыңызбен бөлісу: |