Ел басшысының халықтағы ақылары
Сәләма ибн Шихаб әл-Абди (р.а.) айтады: «Омар
(р.а.) былай деген: «Ей, адамдар! Біздің сендерде
ақыларымыз бар. Ол – біз жоқ кезде де сендердің бізге
қолдау көрсетіп, жақсылық жолында көмектесулерің.
Аллаһ құзырында ел басшысының биязылығы мен
әдептілігінен асқан жақсы қасиет жоқ. Аллаһтың
ең ұнатпайтыны – ел басшысының надан, тұрпайы
болуы»
424
.
басшының бетіне шындықты айтпаудың
үкімі
Уруа (р.а.) айтады: «Абдуллаһ ибн Омарға барып:
«Ей, Әбу Абдуррахман! Біз әрдайым басшыларымыздың
қасынан табылып, олармен бірге жүріп-тұрамыз десек
те болады. Алайда олар кейде ақиқатқа қайшы сөйлейді,
соған қарамастан, біз оларды растап, олардың әділетсіз
шешімдерін қолдаймыз, тіпті орынды екенін айтамыз.
Бұған не дейсің?» – деп сұрадым. Ибн Омар: «Құлақ
сал, бауырым! Сендер қалай қарайтындарыңды білмей-
мін, алайда біз Аллаһ расулының заманында мұндай
әрекеттерді екіжүзділік деп санайтынбыз», – дейді
425
.
Шағби (р.а.) айтады: «Біз Ибн Омарға
«Басшылардың алдына барғанда, солардың ыңғайына
қарай сөйлеп, былай шыққан соң, сыртынан басқаша
сайраймыз, бұған не дейсің?» – деп сұрадық. Ибн
Омар: «Біз мұндай әрекеттерді Аллаһ расулының
кезінде мұнафықтыққа жатқызатынбыз», – деп жауап
берді»
426
.
424
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/936 (14334)
425
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 12/331 (13265)
426
Бәйхақи, Сүнән 8/164 (16438)
418
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |