414
Сахабалар салған сара жол
қасына тізе бүгіп: «Сені мешіттен шығарып жібер-
се, не істейсің?» – деп сұрайды. «Шамға барамын,
өйткені Шам – һижрет аймағы, махшар орны және
пайғамбарлар мекені.
Сол жерлік боламын», – дейді.
Расулаллаһ: «Сені Шамнан да шығарып жіберсе ше?»
– дегенде, Әбу Зәрр: «Осы мешітке қайта ораламын»,
– дейді. «Ал екінші рет бұл жерден қуып шықса ше?» –
дегенде «Қаруымды асынып, шейіт болғанша, жаумен
шайқасамын», – дейді. Аллаһ расулы оның бұл жауа-
бына күлімсіреп, қолын Әбу Зәррдің иығына қойып,
«Мен саған бұдан да жақсы бір жол көрсетейін бе?
Сені қайда жіберсе де, басшыларды тыңдап, жіберген
жеріне барасың. Маған қауышқанға дейін, осылайша
сабырлылық танытасың», – дейді
419
.
Тавустың
риуаятында
мынадай
қосымша
мәліметтер кездеседі: «Әбу Зәрр (р.а.) Рәбәзаға жі-
беріліп, ол сол жерде Османның бір қара құлымен кез-
деседі. Қара құл азан шақырып, қамат айтқаннан кейін
Әбу Зәррға: «Әй, Әбу Зәрр, сен имам бол», – дейді.
Әбу Зәрр: «Жоқ, Аллаһ расулы маған қара құл болса
да (басқарған адамға) бағынуды бұйырған болатын»,
– деп жауап береді. Сөйтіп құл имам болып, Әбу Зәрр
оның артында тұрып намаз оқиды»
420
.
Достарыңызбен бөлісу: