Ел басшысына бағыну туралы алапес
әйелдің айтқандары
Ибн Әбу Мүләйка айтады: «Омар (р.а.) бір алапес
әйелдің Қағбаны тауап еткенін көріп, оған «Ей, әйел,
мына түріңмен халықтың кейпін қашырмай, үйіңде
отырсаң болмай ма?» – дейді. Осы ескертуден кейін
дімкәс әйел үйінен қия басып шықпайтын болды. Біраз
уақыт өткеннен кейін біреу сол әйелге барып: «Сыртқа
шығуыңа тыйым салған адам өлді, енді сыртқа шыға
беруіңе болады», – дейді. Сонда әлгі әйел «Көзі тірісін-
де бағынған адамыма өлгеннен кейін (аруағын аттап)
қарсы шыға алмаймын», – деп жауап береді»
422
.
421
Ибн Хажар, әл-Исабә 4/557
422
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/172 (28504)
416
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |