хазірет омардың әділдігі
Шаби айтады: «Омар (р.а.) мен Үбәй ибн Кағб
әлдебір мәселеде бір-бірімен келіспей қалады.
Омар: «Бұл мәселені шешу үшін қазының төрелігіне
жүгінейік», – дейді, Олар Зәйд ибн Сабитке баратын
болып келіседі. Омар: «Бізге төрелігін айтсын деп
саған келдік», – дейді. Ол кезде таласып-тартысып
қалған адамдар дауды шешу үшін қазының үйіне бара-
тын. Зәйд төрге көпшік тастап: «Ей, мүміндердің әмірі!
Мына жерге отыр», – дейді. Сонда Омар: «Сен менің
лауазымыма қарап, төрден орын беріп, әділетсіздікке
бардың. Мен қарсыласымның қасына отырамын», –
деп, Үбәй ибн Кағбпен тізе түйістіріп отырады.
Алдымен сөзді Убәй ибн Кағб бастайды. Омар
оның уәжіне қарсылық білдіреді. Ислам шариғаты
бойынша, дауласып қалғанда, қарсылық білдірген кісі-
ге ант айтқызылуы тиіс. Зәйд Убейге «Мүміндердің
басшысына бұл рәсімді орындатпай-ақ қояйық», – десе
де, Омар ант етіп, сөзін былай түйіндеді: «Омар мен
қатардағы басқа мұсылманды тең көрмейінше, кісі дау-
ын шешуге Зәйдтің хақысы жоқ. Адамдарды алалауын
қоймайынша, Зәйд ешкімнің дауын қарай алмайды»
457
.
Достарыңызбен бөлісу: |