хазірет Әбу бәкірдің әділдігі
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а.) айтады: «Әбу Бәкір
(р.а.) жұма күні жамағатқа: «Ертең таңертең зекетке
берілген түйелерді әкеліңдер, бөліске салайық. Алайда,
ешкім рұқсатсыз біз отырған жерге кірмесін», – дейді.
Содан бір әйел күйеуіне: «Мына ноқтаны ал, бәлкім
Аллаһ бізге біреуін нәсіп етер», – дейді. Әйелінің жөн
сілтеуімен ноқтасын алып шыққан адам айтқан жер-
ге жеткенде, Әбу Бәкір мен Омар түйелер қамалған
ашық қораға кіреді. Ол да арттарынан қалмайды. Әбу
Бәкір: «Саған бұл жерге кіруге кім рұқсат берді?» –
деп, қолындағы ноқтасын алып, оны тартып жібереді.
Түйелерді бөліске салып жатқанда, Әбу Бәкір амал-
сыздан қол жұмсауына тура келген адамды шақырып,
ноқтасын береді де «Қалаған түйеңді алып кет», – дей-
ді. Омар: «Жоқ, болмайды, ей, Әбу Бәкір! Адамдар
тәртіпке бағынбай, жаман әдет алып кетеді», – дейді.
Мұсылмандардың алғашқы халифасы: «Мен бұл адам-
ды орынсыз ұрдым, мені қиямет күні Аллаһтың аза-
бынан кім құтқарады?» – дейді. Сонда Омар: «Олай
болса, оның көңілін аулап, ырза қыл», – дейді. Осыдан
соң Әбу Бәкір құлына керек-жарағымен қоса бір түйе,
455
Мүнзири, әт-Тәрғиб 2/380 (2800)
437
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
барқыт мата және бес динар алдыртып, зекет малынан
дәметкен адамдарға тарту етіп, ризалығын алады
456
.
Достарыңызбен бөлісу: |