Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хазірет омар және жесір әйел



Pdf көрінісі
бет298/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

хазірет омар және жесір әйел

Хасан      Басри      айтады:  «Бір  жесір  әйелді  біраз 

еркектің  айналсоқтап  жүргені  Омарға  ұнамайды.  Ол 

әйелге хабар жіберіп, өзіне шақыртады. Әйелге шақырту 

хабары келгенде, ол: «Апыр-ай, Омар мені неге шақырды 

екен?»  –  деп  қатты  қобалжиды.  Халифаның  әміріне 

қарсы тұра алмайды, не де болса баруға тас-түйін бекі-

неді. Жолда уайымнан еңсесі езіліп қатты қорыққаннан, 

оны  кенет  толғақ  қысады.  Тұсынан  өтіп  бара  жатқан 

үйге  кіреді,  кіруін  кіргенмен  ішіндегі  баласы  түсіп 

қалады. Бала бір-екі рет іңгәлап дыбыс шығарады да, 

шетінеп кетеді. Омар (р.а.) бұл шетін жағдайға байла-

нысты Пайғамбарымыздың алдыңғы қатарлы сахабала-

рымен ақылдасады. Олардың бірталайы: «Әліптің артын 

бағайық. Бұған сен кінәлі емессің. Сен басқарушысың, 

адамдарды тәрбиелеу де сенің міндетің», – дейді. Али 

үндемейді. Омар оған: «Уа, Али, сен не айтасың?» – де-

генде,  Али:  «Әркім  өз  пікірін  білдіріп  жатыр,  алайда 

мен олардың ойларына қосылмаймын. Сондай-ақ, олар 

сенің  ыңғайыңа  жығылып,  осылай  десе,  саған  дұрыс 

жол сілтеді, қайырлысын ұсынды дей алмаймын. Менің 

пікірім:  Ол  баланың  қаны  сенің  мойныңда.  Өйткені, 

әйелді сен қорқыттың және ол баласын сенің кесіріңнен 

түсіріп алды», – дейді.

 Омар (р.а.) баланың құнын Құрайыштың мойнына 

жүктеу, әрі оның құнын өтеу үшін әркімге жүктелетін 

үлестің  мөлшерін  белгілеу  жөнінде  Алиге  (р.а.)  тап-

сырма береді. Өйткені, кісі өліміне әкеп соқтырған бұл 

жағдай  қателіктен  орын  алған  еді.  Сол  себептен  құн 

осы қайғылы жағдайға себеп болған адамның тайпасы-

на жүктелді

460


.

460


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 15/146 (40201)


441

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет