Әбу бәкірдің Амр ибн әл-Асқа айтқан на-
сихаты
Абдуллаһ ибн Әбу Бәкір ибн Мұхаммед ибн Амр
ибн Хазм айтады: «Әбу Бәкір (р.а.) Шам аймағына әскер
аттандыру жөнінде шешім қабылдап, алғаш рет Амр
ибн Ас басқарған жарақты қолды Палестинаның Әйле
қаласына жібереді. Амрдың қарамағындағы сарбаздар
саны үш мыңның ар жақ-бер жағында болды, арала-
рында мұһажырлар мен ансарлардың қарасы мол. Әбу
Бәкір мұсылман әскеріне ақ жол тілеп тұрып, Амрға мы-
надай насихат айтады: «Ей, Амр! Жасырын және жария
жүзеге асыратын барлық ісіңде Аллаһтан қорық, Одан
ұялатын бол. Өйткені, барлық әрекетің оған аян. Ей,
Амр! Мен сені сенен бұрын Исламға кірген, Ислам мен
оны ұстанғандарға сенен гөрі пайдасы көбірек тиетін
адамдардан артық көріп, саған сарбаздардың тағдырын
сеніп тапсырдым. Сондықтан, сен ақырет үшін жұмыс
істейтіндердің қатарында бол, не істесең де Аллаһтың
разылығын көзде, қарамағыңдағылардан әкелік
қамқорлығыңды аяма, олардың жеке өміріне қол сұқпа,
көргеніңмен шектел, шешім қабылдағанда тұрақты бол,
қас жауыңмен кездескенде абдырама, ұстамды бол,
қиянат жасағандарды дереу жазала. Адамдарды көп
сөйлеп, өзіңнен бездіріп алма, қысқа да нұсқа сөйле. Өз
нәпсіңді түзет, сонда халқың да бұйрықтарыңды екі ет-
пей саған бағынатын болады!»
490
Достарыңызбен бөлісу: |