Әбу бәкірдің шурахбил ибн хасанаға
айтқаны
Мұхаммед ибн Ибраһим ибн Харис әт-Тәйми айта-
ды: «Әбу Бәкір (р.а.) Халид ибн Саидті (р.а.) қызметінен
босатқан кезде, әскер қолбасшысы Шурахбил ибн
Хасанаға былай дейді: «Халид ибн Саидті бағала,
оның сенде белгілі бір құқы барын ұмытпа. Ол сенің
қолбасшың болған жағдайда, одан не күтетініңді ойла
да, соған орай әрекет жаса. Оның Исламдағы орнын
білесің. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дүниеден
озарда, Халид ибн Саид оның тағайындаған әкімі бо-
латын. Мен де сол қызметке тағайындаған едім, бірақ
кейін босатқанды жөн көрдім. Бәлкім, бұл ол үшін одан
да қайырлы болар. Оған әскер қолбасшысын таңдауға
ерік бергенімде, ол сені басқалардан, тіпті көкесінің
баласы Йәзид ибн Әбу Суфияннан артық көрді. Сен
біреудің кеңесін керек қылсаң, алдымен Әбу Убайда
491
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/846 (14095)
462
Сахабалар салған сара жол
ибн Жәррахпен, сосын Муаз ибн Жәбәлмен, сосын Ха-
лид ибн Саидпен ақылдас. Олардың кәсіби әрі өмірлік
тәжірбиесі мол. Олармен ақылдаспай өздігіңнен әрекет
етпе, қандай жағдай болса да, олармен міндетті түрде
ойыңды бөлісіп отыр»
492
.
Достарыңызбен бөлісу: |