Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет83/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

18. МЕККЕнІң АЗАТ ЕТІлуІ

Аббастың Құрайышты Пайғамбары-

мыздан рақымшылық сұрауға шақыруы

Расулаллаһ 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Мәрруз-Захранға 

тоқтаған кезде, Аббас (р.а.): «Құрайыштың халі қандай 

аянышты!  Егер  Аллаһтың  расулы  Құрайыш  одан 

146

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/238. әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/352 



(37024)


152

Сахабалар салған сара жол

рақымшылық сұрамай зорлықпен Меккеге кіретін бол-

са, Құрайыштың күні батты деген сөз», – деді. 

Одан  ары  былай  деді:  «Пайғамбарымыздың  ақ 

қашырына  мініп,  ордадан  шығып,  Әрак  деген  жер-

ге  бардым.  Отыншы  ма,  шопан  ба,  басқа  ма,  әйтеуір 

кімді кезіктірсем де айтарым: ол меккеліктерге Аллаһ 

расулының  отырған  жерін  хабарласын,  меккеліктер 

рақымшылық  сұрасын,  сонда  ғана  Пайғамбарымыз 

Меккеге  күш  қолданбай  кірер»  деп  өзімше  жоспар 

құрдым. 

Мен  ордадан  аттанып  бара  жатып,  Меккеге 

бет  алған  Әбу  Суфиян  мен  Бүдәйл  ибн  Уәрканың 

әңгімелерін естіп қалдым. Әбу Суфиян: 

–  Бүгінгідей самсаған отты да, әскерді де бұрын-

соңды көрген емеспін, – деді. Бүдәйл: 

–  Уаллаһи, бұл Хузаа тайпасы жаққан от. Жорыққа 

байланысты жағылған, – деді. Әбу Суфиян: 

–  Хузаа тайпасының сарбаздары мұншалықты көп 

емес қой, – деді. Әбу Суфиянды даусынан танып: 

–  Әбу Ханзала! – деп дауыстадым. Ол да менің да-

усымды танып: 

–  Әбул Фазыл, сенсің бе? – деп сұрады. 

–  Иә, менмін. 

–  Сен мұнда не істеп жүрсің? 

–  Әй,  Әбу  Суфиян!  Мына  әскерді  Пайғамбары-

мыздың өзі бастап келе жатыр. Құрайыштың жағдайы 

ауыр. 


–  Енді не істеуге болады? 

–  Сені  қолға  түсірсе,  басыңды  алады.  Кел,  мына 

қашырға мін, сені алдына апарып, рақымшылық етуін 

сұрайын.



153

Аллаһ пен расулына шақыру

Осылайша, Әбу Суфиянды қашырға мінгізіп, жолға 

шықтық. Мұсылмандардың әр жаққан отының қасынан 

өткен  сайын,  олар:  «Бұл  кім?»  –  десіп  елеңдесіп,  біз 

жаққа  үңіле  назар  салып  қояды.  Пайғамбарымыздың 

қашырын  көріп:  «Расулаллаһтың  көкесі,  соның 

қашырына мініп алыпты», – десті. Омар ибн Хаттабтың  

(р.а.) жаққан отының қасына барған кезімізде, ол: – Бұл 

кім? – деп маған қарай жүрді. Қасымдағы Әбу Суфи-

янды көріп: – Әбу Суфиян! Аллаһ дұшпаны! Сені осы 

жерге алып келген Аллаһқа мың шүкіршілік, – деді. Со-

сын ол Аллаһ расулы отырған жаққа қарай шапшаң ба-

сып кетіп қалды. Қашырды тебініп, алға оздым. Омар-

ды  артта  қалдырып,  Расулаллаһтың  қасына  бардым. 

Іле-шала  Омар  да  келіп:  «Уа,  Расулаллаһ!  Мына  кісі 

–  Әбу  Суфиян.  Аллаһ  тағала  оны  сенің  алдыңа  алып 

келді. Маған рұқсат бер, басын алайын», – деді. Мен: 

«Уа,  Расулаллаһ,  мен  оны  өз  қамқорлығыма  алдым», 

– дедім. Сосын Пайғамбарымыздың қасына тізе бүгіп: 

«Бүгін түнде қасында мен ғана боламын, Әбу Суфиян 

менің шатырымда түнейді», – дедім. 

Омар  (р.а.)  басыла  қоймады.  Ақыры  қоймаған 

соң:  «Тоқтат,  Омар!  Егер  ол  сенің  Адыйұлдарыңның 

бірі  болса,  бұлай  демес  едің,  Абдумәнафұлдарынан 

екенін  білгендіктен  осылай  айтып  тұрсың  ғой»,  –  де-

дім. Омар: «Ей, Аббас! Сен Исламға кіргенде, әкемнің 

мұсылман  болғанынан  артық  қуанып  едім.  Өйткені 

сенің мұсылман болуың Аллаһ расулын, егер тірі бол-

са, әкем Хаттабтың Исламға кіргенінен бетер шаттыққа 

бөлер еді. Бұған анық көзім жетеді», – деді. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Аббас,  оны 

өзіңмен бірге ерте кет, таңертең сөйлесерміз», – деді. Мен 

екі  әлем  Сардарының 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

айтқанындай 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет