Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет89/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

20. САФуАн ибн уМӘйяның 

МұСылМАн болуы

Абдуллаһ  ибн  Зубәйр  (р.а.)  былай  дейді:  «Мек-

ке  бағындырылған  күні  Сафуан  ибн  Умәйяның  әйелі 

Кинана тайпасынан Беғум бинт Муаддал Ислам дінін 

қабылдаған  болатын.  Күйеуі  Сафуан  құлы  Йәсармен 

бірге қашып-пысып, Шиб жақты паналаған еді. Жолда 

Йәсарға: «Анда-санда артыңа көз қырыңды салып қой, 

біреу-міреу  ізімізге  түсіп  жүрмесін»,  –  деп  ескертеді. 

Жиі-жиі артына жалтақтай қарап келе жатқан құлы бір 

кезде:  «Әне,  Умәйр  ибн  Уәхб!»  –  деп  айқай  салады. 

Сафуан «Умәйрде не шаруамыз бар? Ол мені өлтіруге 

келген  ғой.  Сірә,  Мұхаммедке  қолдау  көрсетпекші», 

–  деп  ойлайды.  Умәйр  оларды  қуып  жеткенде,  Сафу-

ан:  «Умәйр,  маған  жасағандарың  жетпей  ме  саған? 

Қарыздарың мен отбасыңның күнкөрісін менің мойны-

ма артып қойдың, енді мені өлтірмекшісің бе?» – дейді. 

Умәйр: «Ей, Әбу Уәхб! Мен ең ізгі жанның, туыстары-

на ең адал болған жанның қасынан келе жатырмын», – 

дейді. Осының алдында Умәйр Пайғамбарымызға: «Уа, 

Расулаллаһ! Қауымымның басшысы қашып кетті. Сізді 

кешірмейді деп қорықты. Оған рақымшылық етіңіз», – 

дегенде, Аллаһ расулы (с.а.с.): «Оны кешірдім», – де-

ген болатын. Осыған орай, Умәйр Сафуанның артынан 

іздеп  шыққан  беті  еді.  Умәйр  бір  емес,  бірнеше  рет 

қайталап: «Аллаһ расулы саған рақымшылық жасады», 

– десе де, Сафуан: «Жоқ, маған қандай да бір сенімді 

дәлел әкелмейінше, кері қайтпаймын», – дейді. 

153


 Хаким, Мүстәдрәк 3/270 (5057)


163

Аллаһ пен расулына шақыру

Умәйр, амал жоқ, жалғыз өзі кері қайтып, жағдайды 

Пайғамбарымызға айтады. Пайғамбарымыз: «Сафуанға 

сәлдемді  алып  бар»,  –  дейді.  Умәйр  сәлдені  алып, 

Сафуанға қайта барады. Пайғамбарымыз Меккеге кір-

ген күні басында осы сәлде бар болатын. Сәлдені басы-

на орап, бір ұшын бетіне түсірген еді. Умәйр Сафуанға: 

«Ей, Әбу Уәхб, мен адамдардың ең жақсысы, туыста-

рына  жанашыр,  жақсылыққа  жаны  құмар,  кішіпейіл 

адамның  қасынан  келе  жатырмын.  Оның  абыройы  – 

сенің абыройың, оның айбары – сенің айбының, оның 

меншігі  –  сенің  меншігің.  Саған  Аллаһты  еске  алуды 

ескертемін», – дейді. 

Сафуан: «Мені өлтіре ме деп қорқамын», – дейді. 

Умәйр: «Ол сені Исламға шақырды. Ұнатсаң, Исламға 

кірерсің,  қаламасаң,  сені  екі  ай  бойы  қасынан  таста-

май алып жүреді. Мұхаммед – адамдардың ең адалы, 

ең асылы. Міне, саған сәлдесін де беріп жіберді», – деп 

сәлдені көрсетеді. 

Сафуан:  «Иә,  нақ  өзі»,  –  деп  сәлдені  таниды. 

Сафуан  шаһарға  келіп  кірген  кезде,  Аллаһ  расулы 

(с.а.с.)  Харам  мешітінде  намаздыгерді  оқып  жатқан 

еді.  Пайғамбарымыз  намазын  оқып  болғанша,  күтіп 

тұрады. 


–  Күніне қанша рет намаз оқиды? – деп сұрайды 

Сафуан. 


–  Бес рет. 

–  Мұхаммед оқыта ма? 

–  Иә.

Пайғамбарымыз намазын оқып бітіргеннен кейін, 



Сафуан:  «Уа,  Расулаллаһ!  Умәйр  ибн  Уәхб  сәлдеңді 

маған  алып  келді.  Мені  шақырғаныңды,  ұнатсам, 

Исламға кіретінімді, ұнатпасам, мені екі ай өзіңмен бір-



164

Сахабалар салған сара жол

ге алып жүретініңді айтты», – дейді. Расулаллаһ: «Әбу 

Уәхб, кел енді», – дегенде, ол: «Жоқ, маған көңілімді 

орнықтыратын  сөз  айтпайынша,  қасыңа  бармаймын», 

– дейді. Расулаллаһ оған: «Саған иман келтіруің үшін 

төрт ай мерзім беремін. Бұл мүмкіндіктің қадірін біл. 

Өйткені мұндай мұрсатқа сенен басқа ешкім ие болған 

емес», – деді. Сафуан сонда ғана оған жақындайды. 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 Хауазин жаққа 

аттанғанда,  Сафуанды  да  өзімен  бірге  ертіп  алды. 

Сафуанның  әлі  мұсылман  болмаған  кезі.  Аллаһ  расу-

лы оған хабар жіберіп, қайтарып беру шартымен қару-

жарағын  сұрайды.  Ол  басқа  да  керек-жарағын  қосып, 

аманатқа  жүз  сауыт  жібереді.  Сафуан:  «Бұларды  ме-

нен  өз  еркіммен  бергенімді  қалап  сұрап  тұрсың  ба, 

әлде  зорлықпен  бе?»  –  деп  сұрайды.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Қайтару шартымен аманат ретінде 

сұраймын», – дейді.

Ол  аманат  етіп  береді.  Сосын  Аллаһ  расулының 

бұйрығымен қару-жарақ Хунәйнге жеткізіледі. Осылай-

ша Хунәйн шайқасына қатысты, Таиф соғысын көрді. 

Одан кейін Аллаһ расулы Жиранаға қайтып оралады. 

Пайғамбарымыз Сафуан екеуі түскен олжаларды қарап 

жүргенде,  Сафуанның  көзі  таудың  етегінде  жайылып 

жүрген  қойларға,  түйелерге  түседі.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 көзінің қиығымен оны бақылап келе 

жатқан болатын. «Ей, Әбу Уәхб, мына таудың баурайы 

саған  ұнады  ма?»  –  деп  сұрайды.  «Иә»,  –  дейді  Әбу 

Уәхб. «Олай болса, бұл тау бөктерін бар байлығымен 

саған бердім», – дейді Расулаллаһ. Сафуан мұны есті-

генде: «Пайғамбардан басқа адам мұндай жомарттыққа 

бара қоймас! Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық тәңір 




165

Аллаһ пен расулына шақыру

жоқ  және  Мұхаммед  Оның  құлы  әрі  елшісі  екеніне 

куәлік етемін», – деп, сол жерде мұсылман болады»

154


Ахмәд  ибн  Ханбәлдің  жеткізуі  бойынша, 

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 Хунәйн күні Сафу-

ан  ибн  Умәйядан  аманатқа  сауыттарын  сұрайды.  Са-

фуан: «Зорлықпен сұрап отырсың ба?», – дейді. «Жоқ, 

қайтарып беру шартымен уақытша сұраймын», – дейді 

Пайғамбарымыз. 

Сауыттардың  біразы  жоғалғанда,  Аллаһ  расулы 

(с.а.с.) олардың орнын басқа нәрсемен толтырып бер-

мек болады. Сонда Сафуан: «Уа, Расулаллаһ, бұл мен 

үшін маңызды емес, мен бүгін Исламға өткім келеді», 

– дейді


155





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет