Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу һұрайраның өз анасын исламға



Pdf көрінісі
бет97/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу һұрайраның өз анасын исламға 

шақыруы

Әбу Һұрайра (р.а.) былай деген: «Күпірліктегі анам-

ды  әрдайым  Исламға  шақыратынмын.  Тағы  бір  күні 

анама  уағыз  айтып  отырғанымда,  ол  Пайғамбарымыз 

туралы ауыр сөздер айтты. Аллаһ расулына жылап ба-

рып: «Уа, Расулаллаһ! Қанша уағыздасам да, анамның 

Исламды  қабылдайтын  түрі  жоқ.  Бүгін  де  Исламға 

шақырғанымда, саған тіл тигізді. Аллаһқа дұға ет, ана-

ма тура жолды нәсіп етсін», – дедім. Пайғамбарымыз: 

«Уа,  Аллаһ  тағалам!  Әбу  Һұрайраның  анасын  тура 

жолға сала гөр!» – деп дұға етті. 

Мұны  ести  сала,  қуанышым  қойныма  сыймай 

сыртқа шықтым. Үйге келсем, есік іштен құлыптаулы 

тұр  екен.  Анам  аяғымның  дыбысын  естігенде,  менің 

келгенімді  сезіп:  «Әбу  Һұрайра,  тұра  тұр!»  –  деді. 

Судың  сылдырын  естідім.  Біраздан  соң  анам  киініп, 

басына  орамал  тағып,  есікті  ашып:  «Куәлік  етемін, 

Аллаһтан  басқа  ғибадатқа  лайық  тәңір  жоқ.  Куәлік 

етемін,  Мұхаммед  –  Аллаһтың  елшісі»,  –  деді.  Мен 

дереу  Пайғамбарымызға  барып,  болған  жайтты  баян-

дадым.  Пайғамбарымыз  Аллаһқа  шүкіршілік  айтып, 

«Қайырлы болсын» деді»

165



164



 Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 2/486

165


 Мүслим, Сахих 4/1938 (2491)


180

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет