Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет86/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың Мекке 

бағындырылған күнгі сөзі

  Омар  (р.а.)  былай  дейді:  «Мекке  алынған  күні 

Пайғамбарымыз Сафуан ибн Умәйя, Әбу Суфиян ибн 

Харб және Харис ибн Хишамды өзіне шақыртты. Мен: 

«Аллаһ тағала бізге зор мүмкіндік берді, сірә, бұлардың 

жасап  келген  қиянаты  үшін  өш  алмай  қоймаспыз», 

–  деп  ойладым.  Аллаһ  расулы  оларға:  «Сендер  мен 

менің жағдайым Жүсіп пайғамбар мен бауырларының 

жағдайына  ұқсайды.  Оның  бауырларына  дегеніндей 

мен де: «Бүгін сендерді айыптамаймын. Жазғырмаймын 

да. Мен кешірдім, Аллаһ та сендерді кешірсін. Өйткені 

Аллаһ  мейірімділердің  ең  мейірімдісі»  (Жүсіп,  12/92) 

деймін» – деді. 

Омар (р.а.) айтады: «Мұны естігенде, әлгіндегідей 

ашулы  ойға  барғаным  үшін  Пайғамбарымыздан 

ұялдым»


150

.

Әбу  Һұрайра  бұл  туралы  былай  дейді:  «Мекке 



алынғаннан  кейін,  Аллаһ  расулы 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

 

Қағбаға  барып,  есіктің  екі  жақтауынан  ұстап  тұрып: 



«Мені  сендерге  не  істейді  деп  ойлайсыңдар?»  деп 

сұрады. Олар:

«Сен  бауырымыздың  баласысың,  өте  мейірімді, 

қайырымды  жансың»,  –  деп,  осы  сөздерін  үш  рет 

қайталады.  Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

:  «Мен 

де Жүсіп пайғамбардың бауырларын кінәламағанындай 

сендерді бүгін жазғырып, кінәламаймын. Аллаһ сендерді 

кешірсін,  Ол  қайырымдылардың  ең  қайырымдысы. 

Барлығың азатсыңдар», – деді

151


150


 әл-Хинди, Мүстәдрәк 10/757 (30158)

151


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/677 (29931)


159

Аллаһ пен расулына шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет