Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза ұстағандар үшін мұстахап нәрселер



Pdf көрінісі
бет187/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   309
Ораза ұстағандар үшін мұстахап нәрселер
Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау 
– мұстахап.
1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-
жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге 
тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар»
331

Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым 
су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде 
тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар 
үшін кешірім тілейді»
332
, – дейді.
Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру 
де – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз 
ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан 
жақсылықта»
333
, – деген.
2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда 
адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз 
ашуға асығу – мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис 
331
Бухари, Саум, 20.
332
Ахмед б. Ханбәл, ІІІ, 44.
333
Бухари, Саум. 45.


317
Ораза
куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу – 
сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.
3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу – сүннет:
َكِقْزِر ىلع َو ُتْلَّكَوَت َكْيَلَع َو ُتْنَمآ َكِب َو ُتْم ُص َكَل َّمُهَّللأ{
ام َو ُتْمَّدَق ام يِل ْرِفْغاف ُتْيَوَن َناضَمَر ِ ْنِم ِدَغْلا َمْو َص َو ُتْرَطْفَا
} ُتْر َّخَا
Оқылуы: 
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә 
‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәл-
ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә 
қаддамту уә мәә аххарту».
«Аллаһым! Сенің ризалығың 
үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузым-
ды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. 
Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет 
еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды 
кешір».
4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-
жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды 
ауызашарға шақырып тамақ берген – ораза ұстаған 
адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның 
сауабынан да еш нәрсе кемімейді
334
.
5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифас-
тан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. 
Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте 
кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын 
қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі 
түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі 
жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.
334
Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48.


318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет